ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҮРІП ЖАТЫР

«Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына бекітілген температуралық кестемен үздіксіз және нормативпен бекітілген жұмыс режимімен кәсіпорын тарапынан толық жұмыс атқарды.

2021–2022 жылғы жылу беру маусымын ойдағыдай штаттық режимде, бекітілген температуралық кестеде және төтенше жағдайларсыз атқарып шықты.

Кәсіпорыны тарапынан қаламыздағы І-ші мөлтекауданда 58 дана (24 дана 5 қабатты, 24 дана 4 қабатты, 2 дана 3 қабатты, 8 дана 2 қабатты),  ІІ-ші мөлтекауданда 15 дана (барлығы 2 қабатты), ТГЖД аумағында 2 дана (1 дана 5 қабатты, 1 дана 4 қабатты), Отырар мөлтекауданында 38 дана ( 2 дана 9 қабатты, 36 дана 5 қабатты), Әкімшілік іскер орталығында 14 дана (барлығы 7 қабатты) жалпы  127 дана көпқабатты тұрғын үйлер (6314 пәтер) орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етілген. Одан бөлек І-ші мөлтекауданда 28 бюджеттік (2 бала бақша, 4 мектеп, 2 колледж, 6 мемлекеттік емес бала бақша, 6 денсаулық мекемесі, 4 мемлекеттік мекемесі, 3 басқарма бөлімшелері) пен 55 кәсіпкерлік заңды тұлғаларға, 52 жер телімді тұрғын үйлерде және Мәдени  рухани орталығында 11 нысан (барлығы заңды тұлғалар) орталық жылу энергиясымен қамтамасыз етіліп келді.Кәсіпорын 2022 жылдың сәуір – мамыр айларында сенімді құқығымен басқарудағы барлық қазандар және жылу жүйелерін қысымдау және шаю жұмыстары жүргізілді.Жылу энергиясының тарифтік көрсеткіші дифференцировандық түрде жылу пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бұйрығына бекітілген.

Анықталған ақаулар 2022 жылдың маусым айында толығымен қалпына келтірілді.

2022 – 2023 жылғы жылу беру маусымын Түркістан қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде Қазақстан Республикасы Құрылыс Нормасымен (СНиП) бекітілген қараша айының 1 жұлдызынан немесе сыртқа ауа температурасы +8 С -тан төмен қатарынан 3 күн болған жағдайда бастауға болады.

Кәспорын пайдаланудағы барлық қазандық табиғи газбен пайдаланады, газбен қамтамасыз етуші «ҚазТрансГаз Аймақ» ашық акционерлік қоғамымен келісім шарт жасалған. Кәсіпорында жылу беру маусымында 146 штат бірлігімен жұмыс атқарады, 2022 -2023 жылғы жылу беру маусымында бекітілген ереже мен нормативтерге сәйкес үздіксіз жұмыс атқарады және қысқы маусымға толық дайын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *