ТҮРКІСТАН – РУХАНИ, ҚАУІПСІЗ ҚАЛА!

Бүгін Түркістан қалалық полиция басқармасының ұйымдастыруымен “Конгресс холл” көпсалалы кешенінде “Түркістан-рухани, қауіпсіз қала!” атты форумы өтті.
Форумға аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы Ардақ Назаров, кәсіпкер, мемлекеттік “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменов, журналист Нұрділдә Ораз, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов, танымал әнші Ибрагим Ескендір қатысты.
Басқарма басшысының мәлімдеуінше, Түркістанды қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында, жыл басынан бері «Балалардың жол қауіпсіздігі», «Абайлаңыз балалар», «Жасөспірім», «Түңгі қаладағы балалар» рейдтік іс-шаралары өткізілді.
Сонымен қатар, полиция басқармасының “102” жедел әрекет ету орталығына «Отбасылық жанжал» санатында – 580 шақырту түсіп, оның 359-ы алкогольдік ішімдік ішкендермен жасалған. Оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-бабымен (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) – 354 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін сататын сауда орындарының қызметіне де бақылау жүйелі түрде күшейтілді. Жыл басынан бастап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабында көрсетілген (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі) талаптарын бұзу бойынша 56 – дерек және 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) 1116 – дерек анықталып, әкімшілік хаттама түзіліп, заңды шара көрілді.
«Бір нүктелік» жедел профилактикалық рейдтік іс-шарасы 54 рет өткізіліп, қазіргі уақытта да өз жалғасын табуда.
Полиция – әрқашан мемлекеттің тірегі, қоғамдық тәртіптің айнасы, қауіпсіздігінің кепілі болуы қажет. Ел ішіндегі береке мен бірлікті сақтау- бүгінгі полиция қызметкерлерінің басты парызы.
Түркістан қаласының полиция басқармасында 500-ден аса қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде 103 учаскелік полиция және 214 патрульдік инспектор қоғам тыныштығына үлес қосып келеді. Қалада қылмыстың азаюына соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасы да өз септігін тигізуде. Сондай-ақ бүгінде тәртіп сақшылары өз қызметінде киелі қаланы қауіпсіз әрі ішімдіксіз, рухани қала ету бағытына басымдық беруде.

Бұл жөнінде Түркістандағы «Конгресс холл» көпсалалы ке­шенінде «Түркістан – рухани қа­уіпсіз қала» тақырыбында өткен форумда айтылды. Аталған фо­рум облыстық полиция депар­таментінің басшысы, полиция генерал-майоры Мұрат Қаб­деновтің бастамасымен, қо­ғамдық даму басқармасының қол­дауымен ұйымдастырылып отыр. Түркістан қалалық поли­ция басқармасының басшысы Бауыржан Жанаевтың мәлім­деуінше, жыл басынан бері от­басындағы жанжал бойынша 580 шақырту түссе, оның 360-ы ішімдік ішіп алып, шаңырағында шу шығарған. Мас болып, жанжал шығарғандарға қатысты 11 қылмыстық іс тіркелсе, 153 дерек көлік тізгіндеуге байланыс­ты. Демек қылмыстардың көп тіркелуіне ішімдік едәуір әсер етуде. Бұл орайда қаланың рухани болмысы мен тұрғындардың тұлғалық ерекшелігін айшықтау мақсатында «ішімдіксіз қала» мәртебесіне жету полиция қыз­меткерлері үшін де маңызды іс. Сондай-ақ басқарма бас­шы­сы «Керуен сарай» сауда әрі ойын-сауық кешенінің бас­шы­лы­ғы және «Бірлік» шағын ауда­нындағы кафе иелерімен қа­уіп­сіздікті сақтау бойынша бір­лесе жұмыс істеу жө­нін­­­де келісім жасалғанын айтып өтті. Сервистік полиция мо­­­де­лін қалыптастыру мақ­са­тында «Қауіпсіз қала», «Қа­уіп­­сіз жол» іс-шараларын тұ­рақ­ты түрде өткізіп, рейдтер ұйымдастырылған. Бұл жұ­мыстар өз жемісін беруде. «Түр­кістан шаһарында тұрғындар­мен ашық әрі тығыз байла­ныс орнату, «сервистік полиция» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда. Облыстық поли­ция департаменті басшылығы­ның тапсырмасына сәйкес, тұр­ғындардың қауіпсіздігі мен құ­қықтарын қорғау жұмыста­ры күшейтіле түсті. Қоғамдық тәр­тіпті сақтау, тұрақтылықты ту ету басты орынға шықты. Ша­һарда «Азаматтарға ар­нал­ған қабылдау» фронт-кең­сесі жұмыс істеп тұр. Жаңа орта­лықтың ашылуы арқылы полиция қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді. Кеңес беріп, жаңа форматта жұмыс істеуде. Соның бірі – арыз-шағымдарды бейнежазу арқылы қабылдау. Арнайы техникамен жарақталған бөлме бар, сол жерде шағымданушы­ның сөзін, айғақ заттарын таспаға басып алуға болады. Бұл өз ке­­зе­гінде іс қағаздарының бұр­маланбауына әсер ететін бір­­ден-бір фактор», деді Ба­уыр­жан Жанаев. Сондай-ақ по­ли­ция басқармасының бас­шы­сы тұрғындарды қо­ғам тыныш­ты­ғын бірлесе қам­та­масыз етуге шақырды.

Айта кетелік, аталған фо­румға спортшы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров, медиасарапшы, журналист Өркен Кенжебек, сарапшы, журналист Нұрділда Ораз, кәсіпкер, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменов, әнші, спортшы Ескендір Ибрагим арнайы спикер ретінде қатысты. Олар рухани астана атанып келе жат­қан облыс орталығын қауіпсіз қала ету төңірегінде өздерінің пікірлерін жеткізіп, көпшілікпен пікір алмасты.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған