ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «NURORDA» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ

Түркістан қаласында «Nurorda» мектебі салынады. Алдағы уақытта Түркістан қаласында 1000 оқушыға арналған үлкен мектеп салынбақ. Сонымен бірге 400 орындық жатақхана мен 320 орындық балабақша да бой көтермек. Түркістан қаласының тұрғындары үшін бұл жағымды жаңалық болмақ. Әрбір Түркістан қаласының тұрғыны білім алу үшін баласын біліктілігі жоғары мектепке бергісі келеді. Осыдай пайдасы жоғары мекемлердің салынуы Түркістан қаласының тұрғындарына үлкен қуаныш. Облыс әкімі білім саласына инвестиция құямын деушілерге қолдау болатынын жеткізді. Аталған бастама бойынша Түркістан облысының әкімі инвесторлармен кездесіп, жобаны талқылады.
– Біз қазір өңірге инвестиция тарту жұмыстарын жандандырып жатырмыз. Жаңа мектеп саламын дейтін азаматтарды қолдаймыз. Ең бастысы, жұмыс кестесі бекітіліп, құрылыс уақтылы аяқталуы тиіс. Жерді алып, тиісті жұмыс жүргізбегендерден жер қайтарылады. Біздің білімге жауапты басқарма инвестормен тығыз байланыста жұмыс істеп, білім ұясының өңірге пайдалы болуына, адами әлеуетті арттыруға ықпал етуіне күш салғаны жөн, – деген Дархан Сатыбалды жауапты басшыларға аталған жобаға қажетті құжаттар мен мәселелерді жан-жақты қарау жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге инвесторға ауылдарда сапалы білім ұяларын ашу, білім саласынан өзге де инвестициялық жобаларға қаржы салуға, әріптестікті нығайту жөнінде ұсынысын жеткізді.
«Диал-Строй» ЖШС-нің басшысы, инвестор Ғабит Маматрайымов аталған жобаның жоспары мен қаражаты дайын екенін, егер бірқатар ұйымдастыру жұмыстары реттелсе, құрылысты келесі жылы бастайтынын айтты.
– Жиырма жылдан бері құрылыс саласындамын. Өзім Түркістанның тумасы болғандықтан осы қалаға мектеп ашуды перзенттік парызым деп есептеймін. 10 гектар аумақта үлкен мектеп, жатақхана және балабақша салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге мектеп жанынан шағын саябақ даярланып, көгалдандыру жұмыстары да жүргізіледі. Мақсатымыз – өңір жастарының білім деңгейін көтеру, осы салаға көмектесу, – деді инвестор.
«Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте осы қорға қарасты лицейлер мен «Nurorda» жеке меншік мектептерінің артықшылықтары мен мүмкіндіктері туралы баяндады. Бүгінде «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры құрамында 30 мектеп-лицейлері бар. 1700-ге жуық мұғалім білім береді. Өткен оқу жылында 1969 түлектің 1185-і гранттарға ие болған.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы, «Түркістан жоғары көпсалалы, қол өнер колледжі» МКҚК-нің базасында Түркістан облысы білім басқармасы «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-нің ұйымдастыруымен  «Turan Fest» өлкетанулық фестивалі өткізілді.

Фестивальге «Облыстық жас туристер станциясы» КММ-сі және қарасты қала, аудандық бөлімдердің құрама топтарынан жалпы саны 110 үйірмеші қатысты.
Айтулы шараның басты мақсаты: оқушылардың туристік ептіліктері мен шеберліктерін арттырып, топтар арасынан үздік туристік команданы анықтау. Сондай-ақ, осы сайыс арқылы оқушыларды топ болып жұмыс істеуге үйретіп, балдар мен жасөспірімдерді азаматтық пен отаншылдық сезімдерге тәрбиелеуді көздейді.
Фестиваль 3 жарыс кезеңнен тұрады. Бірінші кезекте қатысушылар өздерін таныстырып, жарысты бастап кетті. Екінші кезеңдк спорттық көп сайыстардан өзара бақ сынасты. Соңғы шешуші кезеңде топ болып бірігіп, сөзжұмбақ пен квест ойнады.
Фестиваль қорытындысы бойынша:І орын – Төлеби ауданының «Төлеби» тобы, жетекшілері – Серікболсын Адаев, Ақжібек Райымкулова .ІІ орын – Түркістан қаласының «Барыс» тобы, жетекшілері – Абайхан Бекбаев, Гүлдана Усерова.ІІІ орын – Түркістан қаласының «Алаш» тобы, жетекшілері –Амирова Бибигуль, Әбілхайыр Сұлтанбеков.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған