САУРАН АУДАНЫНДА ЭКОТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ЗОР

Экологиялық туризм – туристік индустрияның ең жылдам дамып келе жатқан секторы, оның үлесіне әлемдік туризмнің 25%-ы тиесілі. Дүниежүзілік туристік ұйымға сәйкес экотуристер саны жыл сайын 20%-ға артып келеді. Таза және бүлінбеген табиғи объектілері көп Қазақстан экотуризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие. Этномәдени туризммен үйлескен қызықты табиғи ландшафттар, бірегей экологиялық соқпақтар тіпті ең талғампаз туристерді де бей-жай қалдырмайды. Халықаралық экотуризм қоғамы экотуризмді қоршаған ортаны сақтайтын, жергілікті халықтың әл-ауқатын қолдайтын және экскурсиялық-ағартушылық қызмет пен білім беруді көздейтін табиғи аудандарға жауапты саяхат ретінде анықтайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы наурыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Сауран ауданы құрылып, тарихи мекеннің даңқы қайта жаңғырған еді. Бұл – ауданның, туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан Сауран ауданының әлеуеті өте жоғары. Ауданның ұйымшыл, еңбекқор халқы негізінен кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына ден қойған. Бүгінде жаңарған ауданда жаңа әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеріп жатыр. Ауданның жағажай туризмін және емдік туризм, тарихи туризм, діни туризм, экотуризм мен қысқы және жазғы демалыс орындарын дамытуға мүмкіндігі бар. Осы бағыттар бойынша инвестиция құятын жобалар іздестірілуде. Алдағы уақытта туризм саласын дамытуға және туризмнен түсетін табыс көзін арттыру бағытында тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілетін болады.

Қазіргі таңда ауданның негізгі бағыттарының бірі – кәсіпкерлік және туризм саласы болып табылады. Сауран ауданының аумағында 54 тарихи-мәдени нысан бар. Бұл нысандар ішінде туристер көп келетіні Имам Мархозы, Меңдуана кесенесі, Ерқоян батыр кесенесі, Құрышхан ата, Шаш ана кесене. Сонымен қатар, ауданда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы теңгеріміндегі Ескі Сауран қалашығы, Үкаш ата кесенесі, Жүсіп ата тарихи-мәдени туристік нысандары орналасқан.

Көне тарихтың теңдессіз ескерткіші, ортағасырларда гүлденген шаһар болған Сауран қалашығы Түркістан облысы аумағында орналасқан. Жүзжылдықтар бұрын ортағасырлық саясаттың «жүрегі», маңызды  әкімшілік орталық болған қоныс атауы Х ғасырдан бергі кезеңдермен белгіленетін тарихи жазбаларда кездеседі. Көне деректер де Сауранның өркендеп дамыған шаһар, ғаламат қамал болғандығын растайды. Кезінде қаланың абаттандырылуы мен қорғанысына көп күш жұмсалған, қолөнер ісі қарқынды жүргізілген. Көне шаһарда жалпы ұзындығы 110 шақырымға жететін жерасты су құбырлары жүйесі салынғандығы да таңқалдырарлық дерек!

Қазіргі таңда ҚР Үкіметінің тапсырысымен Сауран қалашығының аумағында қазба жұмыстары жүргізіліп, тарихи мұраны қалпына келтіру жобалары іске асырылуда.

Сауран — ортағасырлық әлемге жол салар тылсым мекен, қираған қамалдан қалған үйінділердің арасынан сол дәуірдің тынысын сезінуге болатын бірегей орын.

Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау маңызды. Осы мақсатта «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан жоба құны 320 млн.теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Орталықта туристерге арналған қонақ үй, тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақтар болады. Одан бөлек Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Жүсіп ата кесенесінен жоба құны 97 млн.теңгені құрайтын «Сапар орталығы» мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Бұл жоба жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жүргізілді. Бұдан бөлек ауданда жалпы 849 млн. теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылып, 76 жаңа жұмыс орны ашылды. Олар: «Ақжол» жол бойындағы қызмет көрсету орталығы,Үшқайық ауылдық округіндегі спорт кешені, Жүйнек және Ескі Иқан ауылдық окургтерінде тамақтану орндары, Иассы ауылдық округінде «Ozen» демалыс аймағы.

Ауданда жыл соңына дейін 1 млрд. 974 млн. теңгені құрайтын 4 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Осы жобалар іске қосылған жағдайда 60 жаңа жұмыс орны ашылады.  Атап айтсам, «Ныш-ер» қонақ үйі мен демалыс аймағы, « Sayazhai» және «Хамдам» жол бойындағы қызмет көрсету орталығы, «Saketau Resort» отбасылық демалыс орндарын ашу жоспарлануда.

Сауран ауданының экономикалық әлеуетін дамытудың негізгі бағыты ретінде туристік кластерді құрып және дамытудың жолға қойылуының мәні осында. Ел арасында аудан аумағындағы тарихи орындарға алыс жақын облыстардан және шет елдерден қызығушылық танытып, келген туристердің саны 2022 жылдың қаңтар-наурыз айларында – 13 842 туристке жеткен екен. Оның ішіндеСауран қалашығы – 1324, Үкаша ата кесенесі – 11357, Жылаған ата – 210, Жүсіп ата кесенесі – 921, Имам Мархозыға – 30 турист келген. Ал жыл басынан осы кезеңге дейін туристердің өңірге саяхаттауы жоғары деңгейде өскен. «Әзірет Сұлтан» қорық – мұражайының меншігіндегі 52 тарихи-мәдени туристік нысанға сапарлаған саяхатшылардың өзінде есеп жоқ.

Қазір тарихи-мәдени орындарға инвестиция тарту жұмыстары қарқын алған. Мұражай тарапынан Ескі Сауран қалашығы аумағынан жоба құны 320,0 миллион теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүріп жатыр (қонақ үй, тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ). Сондай-ақ, Үкаша ата кесенесіне келген туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында инвестор тауып, арнайы жер бөлінген. Кесене аумағында заман талабына сай қонақ үй, автотұрақ, намазхана, тамақтану орындарын салу қолға алынуда. Бұл ішкі туризмнен түсетін кіріс көзін арттыруға себеп болуда. Ескі Иқан ауылдық округінде жоба құны 50,0 миллион теңгені құрайтын Жүсіп ата кесенесінде «Сапар» орталығы мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Айта кетерлігі, бұл орталық аудандағы жеке кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарының демеушілігі есебінен бой көтеруде.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ – БАСТЫ МАҚСАТ

Қазір көптеген дамыған мемлекеттер туризм саласына барынша дамыту арқылы, сервистік қызмет түрлерін жақсарту, жаңғырту арқылы мол пайдаға кенеліп отыр. Сауран ауданында экотуризм саласын дамыту оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып табылады. Бүгінгі күні қазақстандық заңнамада бар экологиялық туризмге классикалық тәсілдер оларды реттеу тетіктері мен өлшемшарттарын нақты айқындауды қажет етеді.

Сондықтан экотуризмнің анықтамалары сияқты жоғарыда аталған ұсынымдарды Қазақстан заңнамасында бекіту туристік саладағы барлық нормативтік құқықтық актілерді ретке келтіруге, оның ішінде экотуризмді дамыту саласындағы қызметті ұйымдастыратын субъектілерді объективті бағалауға, сондай-ақ аумақтарда табиғат қорғау шараларын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, туризм және экология саласындағы уәкілетті органдар тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеп, табиғи аумақтарда туризмді басқарудың қолданыстағы әдістерін қайта қарауы қажет.

Экологиялық туризм қоршаған табиғи ортаны қорғау және қалпына келтіру қоғам дамуының барған сайын елеулі өлшемдері болып табылатын кез келген елдің экономикасын дамытуға үлес қоса алатынын есте ұстаған жөн.

Сауран ауданының аумағында 52 тарихи-мәдени нысандар бар. Оның барлығы Мәдениет және туризм басқармасының теңгерімінде тіркелген. Бұл нысандардың ішінде туристер қызығушылық танытып, көптеп келетін Имам Мархозы, Меңдуана кесенесі, Ерқоян батыр кесенесі, Құрышхан ата, Шаш ана кесенелерібар.

Сонымен қатар, ауданда «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы теңгеріміндегі Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата кесенесі, Жүсіп ата тарихи-мәдени туристік нысандары орналасқан.

Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тарапынан Ескі Сауран қалашығының аумағынан жоба құны 320,0 млн.теңгені құрайтын «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Оның құрамына қонақ үй, тамақтану орны, көрме орталығы, гид қызметі, автотұрақ кіреді.

Одан бөлек Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Жүсіп ата кесенесінен жоба құны 97 млн.теңгені құрайтын «Сапар орталығы» мен музейдің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жоба жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен жүргізілді.

Аудан аумағында орналасқан тарихи-мәдени нысандарға 2022 жылы 72 мың турист келген болса, 2023 қорытындысымен 85 579 мың турист табан тіреген.

Жылдың қорытындысымен 1,157 млрд.теңгеге орындалып, жалпы құны 802,1 млн.теңгені құрайтын 7 инвестициялық жоба іске асырылып, 76 жаңа жұмыс орны ашылды. «Ақжол» жол бойындағы қызмет көрсету орталығына 97 млн.теңге бөлінді. Жүсіп ата кесенесі аумағындағы Сапар орталығы 97 млн.теңге Үшқайық ауылдық округіндегі спорт кешеніне 151 млн.теңге, Жүйнек ауылдық округінде тамақтану орны 85,7 млн теңге, Ескі Иқан ауылдық округінде тамақтану орнына 173 млн теңге, Жүйнек ауылдық округінде тамақтану орнына 96,9 млн теңге, Иассы ауылдық округіндегі «Ozen» демалыс аймағына 101,5 млн.теңге жұмсау көзделіп отыр.

Сауран ауданына саяхатшылардың көптеп келуіне байланысты жергілікті халықтың әл-ауқаты көтеріледі. Оның ішінде тамақтандыру орындары, қонақүйлер, такси қызметін атқарушылар туристердің алғысына бөленетіні даусыз.

ӨНЕРКӘСІП ӨРГЕ БАСУДА

Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты өнеркәсіп саласында 2023 жылы 11 млрд 108,8 млн. теңгенiң өнімі өндіріліп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 108,4% құрады. Өнеркәсіптің басымды саласы өңдеу өнеркәсібінде 8 млрд 100,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 108,6 пайызға жетті.

Елімізде шағын және орта бизнеске экономиканың драйвері ретінде мемлекеттік тұрғыдан басымдық беріліп келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Соңғы жылдары қабылданған шаралардың арқасында шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастады. Алайда орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді.

Ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда «қолайлы». Үкімет шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керек.

Еліміздің нарығында белсенді жұмыс істеп жатқан табысты орта кәсіпорындар көп емес. Оларға қолдау көрсету қажет. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысына қатысты нақты жоспар әзірлеу керек. Сол арқылы олардың өндіріс қабілетін арттырып, өнім көлемін екі-үш есе көбейту қажет.

«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын біріктірген жөн. Оны шағын және орта кәсіпкерлікті қолдайтын кешенді бағдарламаға айналдыру керек.

Мемлекеттік қолдау шараларын өндірістің технологиялық күрделілігіне және бизнестің нақты түріне қарай жіктеу маңызды. Оның операциялық тиімділігі жоғары болуы да өте маңызды. Сондықтан «Бәйтерек» холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландырған жөн.

Экспортты ұлғайтуға айрықша мән беру керек. Оның әдіс-тәсілдері болғанымен, жүйелі ұстаным жоқ. Осы орайда, KazakhExport компаниясы экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналады. Компанияға осы міндетті атқаруға қажетті құзырет берілуге тиіс. Бұдан бөлек, «Отбасы банктің» қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моноқалаларға және ауылдарға аударған жөн.

Бәсекелестік дамымаса, бизнес те өркендемейді. Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Үкіметпен бірлесіп, негізгі нарықтарды демонополизациялау үшін шаралар қабылдауға тиіс», — деп Үкіметке тиісті құрылым басшыларына нақты тапсырма берген болатын.

Осы орайда Сауран ауданында шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Бүгінгі таңға ауданымызда шағын және орта кәсіпкерліктің саны 6867 жетті. Оның ішінде жұмыс істеп тұрғандар саны 6751.

Жұмыспен қамтылғандар саны осы салада жұмыс істейтін адамдардың саны 9286 адамға жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 110,8 пайызға артты. Кәсіпкерлердің өндірістік қуатын қолдауға бағытталған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ мемлекеттік бағдарламасы аясында жеңілдетілген 7-8% несиемен қамтамасыз етілді. Атап айтар болсам банк несиелерін субсидиялау бойынша 19 жобаға 1 990,5 млн.теңге жұмсалды. Банк несиелерін кепілдендіру бойынша 11 жобаға 625,2 млн.теңге бөлінді.Сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2,5% несиелендіру бойынша «ЫРЫС» микроқаржы ұйымынан 191 адам 1 267,3 млн.теңге несие алған.

Ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі сауда-саттық қызметі. Мәселен, есепті мерзімде бөлшек сауда көрсеткіші 1 млрд, 360 млн. теңгеге, яғни 103,0 пайызға орындалды.

Тау кен өндіру өнеркәсібінде 465,0 млн.теңге өнімі өндірілген. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін бүгінгі таңда 32 жер қойнауын пайдаланушылар бар болса, олардың 13 келісім-шарт бойынша және 19 лицензиямен жұмыс жасауда.

Өңдеу өнеркәсібінде 8,1 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Ауданда тамақ өнімдерін өндіру саласында екі өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 549,6 млн.теңгеге жеткізілді. «Тұран» шаруа қожалығы сүт өнімдерін шығарса, «Яссы Құс» шаруа қожалығы жұмыртқа өндіреді. Өзге де бейметалл минералдық өнімдерін өндіру саласында 8 өндіріс орны жұмыс жасайды. Өнім көлемі 5,4 млрд.теңге құрады.

Бүгінгі таңда «Нұр-Строй ЛТД» ЖШС-не тиесілі кірпіш зауытының жұмысы уақытша тоқтап тұр. Алдағы уақытта өндіріс орнын іске қосу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Ауданда құрылыс саласында «Бинэкс» ЖШС күйдірілген кірпіш шығарады. «Әзірет Жол» ЖШС, «Яссы құрылыс» ЖШС, «Тас жол» ЖШС асфальт төсейді. «Ныш-Ер» ЖШС стандартты құрылыс кірпішін шығаруға бейімделген. «Фахри Стройбетон» ЖШС, «Досан-Ата» ЖШС, «Euro Beton STD» ЖШС тауарлы бетон өндіреді.

Сауран ауданында соңғы жылдары жиһаз өндіру саласында өнім көлемі 752 млн теңге, ең ірілерін атап айтсам «Так Мебель» ЖШС, «DIVALUX» ЖШС, ЖК «Хабибулла Ата», ЖК «SEM-BRAND» жиһаздарын қазақстандық тұрғындар ғана емес, алыс-жақын шетелдердің зор сұранысына ие. Олардың бірқатары республикалық, халықаралық көрмелерде топ жарып жүр.

ИНВЕСТИЦИЯ ҚАЙТАРЫМЫ МОЛ САЛАҒА САЛЫНУДА

Сауран ауданында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 2023 жылы 34,6 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі алдыңғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 129,1% орындалған. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,6 млрд. теңгеге өскен. Оның ішінде, республикалық бюджет 7,5 млрд.тг, жергілікті бюджет есебінен 4,2 млрд. теңге, меншік қаражат есебінен 22,3 млрд. теңге құрады. 2023 жылы жеке инвесторлар есебінен жалпы құны 8 инвестициялық жоба іске асырылып, 496 жаңа жұмыс орны ашылды.

Іске асырылған жобалардың ең ірілеріне ерекше тоқталып кетуге болады. Үшқайық ауылдық округінен «Иманқұл ата» шаруа қожалығы – балық шаруашылығын дамытуға 600 млн.теңге жұмсады. Осылайша он жұмыс орны ашылды. Қарашық ауылынан «Тұран» шаруа қожалығы – мектеп құрылысы, жобаның құны – 1440,0 млнт.теңге бөлді. Онда 30 адам жұмыспен қамтылды. Шаға ауылынан «БНК АГРО» ЖШС сүт тауарлы ферма құрылысы және өндіру ғимарат құрылысын бастап кетті. Жобаның құны 840,0 млн.теңге тұрады. Ескі Иқан ауылынан «Tемір ата» шаруа қожалығы мал бордақылау алаңын салуда. Жобаның құны – 450,0 млн.теңге тұрады.

Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер «Sauran Plast» қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірістік кешенін құрылысын бастады. Жобаның құны – 675 млн.теңге тұрады. Ескі Иқан ауылынан жеке кәсіпкер «Абдусаттаров» — Сапар орталығын баттандырды. Бұл жобаның құны – 97 млн.теңге тұрады. Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер «Байжанова» — техникалық және жол сервисі орталығының құрылысын жүргізуде. Жобаның құны – 150,0 млн.теңге болады. Иассы ауылдық округінен жеке кәсіпке «ӨЗЕН» — Демалыс аймағы бөлініп, жобаның құны – 101 млн.теңгеге бағаланып отыр.

Мен сөзімді Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасымен аяқтағым келеді.

«Маңызды мәселе – кәсіпкерліктің бүгінгі ахуалы. Билік пен бизнестің арасында сындарлы диалог болуы қажет. Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік органдардың кемшілікке жол беретіні, кейде асыра сілтейтіні жасырын емес. Сондықтан экономикалық сипаттағы кейбір заң бұзу әрекеттерін қылмыс санатынан алып тастау жұмысын жалғастыру қажет. Бұл жерде сөз кәсіпкерлерге және олардың экономикалық теріс әрекетке қатысты істер туралы болып отыр. Салық саласында заң бұзғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болатын шекті анықтайтын әділ механизм енгізу қажет.

Құқық қорғау органдарының кәсіпкерлерді қудалауын біржола тоқтату керек. Мұндай әрекеттерге тыйым салынған. Бірақ, соған қарамастан, әлі де жалғасып жатқанын білемін. Осындай мәліметтер кейде әдейі таратылып жатады, тіпті, олар жалған болуы да мүмкін. Қалай десек те, бұл – назардан тыс қалдыруға болмайтын мәселе. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, саланы реттейміз деген желеумен жасалатын қысымды азайту және бәсекелестікті дамыту мәселелерін мұқият талқылау қажет».

Кәсіпкерлерге, орта және шағын бизнес өкілдеріне Мемлекет барынша қолайлы жағдайлар жасаса, елдің дамуына іскер қауымның сіңіретін еңбегі зор. Мұны небәрі үш жылда ғана Сауран ауданы кәсіпкерлерінің атқарып жатқан қыруар жұмыстарынан көруге болады. Сауран ауданының серпінді дамуына баршамыз атсалысайық.

Сұлтанғали ШАКИРОВ,

Сауран ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *