«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттіккадастры» ақпараттық жүйесі арқылы 2,5 млн-нанастам қызмет көрсетілді. Ең жиі алынатынанықтама — жылжымайтын мүліктің болуы жәнежылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралыанықтама болып табылады.
Естеріңізге сала кетейік, ЖМБМК АЖ 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген болатын. Бұлжүйеге жер және құқықтық кадастрлардыңдеректері біріктірілді.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйенің көмегіменжылжымайтын мүлік саласында 8 мемлекеттікқызмет және жер кадастры желісі бойынша 4 қызмет көрсетіледі. Мұнда, мәселен, құқықбелгілейтін құжаттар мен техникалықпаспорттардың телнұсқаларын алуға, жеручаскесінің кадастрлық паспортына тапсырысберуге және алуға, учаскені бағалауға болады.
ЖМБМК маңызды ерекшелігі құжаттардыоңтайландыру болды. Нәтижесінде, жылжымайтынмүлікке техникалық паспорт және жер учаскесінеакт бір құжатқа — кадастрлық паспортқа біріктірілді.
Айта кетейік, бүгінде «Жылжымайтын мүліктіңбірыңғай мемлекеттік кадастры» арқылы 466 660 кадастрлық паспорт берілді.
Жерге байланысты қызметтер бойынша жекетұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшінкезекке тұру қызметі сұранысқа ие. Мәселен, 2022 жылдың 1 наурызынан бастап 3,9 млн қазақстандық жеке түрғын үй құрылысымақсатында 10 соттық жерге кезекке тұрды.