ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БАЛАЛАРҒА ЖАЙЛЫ ОРТА ЖАЛҒАСУДА  

Ел  Президенті  2022 жылды – Балалар жылы деп белгілеп, балаларға баса назар аударуды тапсырған болатын. Содан бері балаларға жайлы орта жасау облыста жүйелі жүрігізіліп келеді. Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары жалғасуда Биылғы жылы да  балаларға жайлы орта жасау мақсатында Түркістан облысында балалар алаңдарын орнатуды қарастыратын нысандардың құрылысы қарқын алуда.

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, Кентау қаласы Қарнақ ауылында  жаңа ойын алаңшасы пайдалануға берілді. Ойын алаңша ауылдың белсенді кәсіпкерлері мен ауыл тұрғындарының демеушілігімен жүзеге асырылуда. Игі шараға қатысқан қала әкімі Жандос Тасов пен қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізов демеуші болған жандарға алғыс білдіріп, ауыл жастарын және тұрғындарын жаңа ойын нысанының пайдалануға берілуімен құттықтады. Сонымен қатар, қала әкімі ауылдың дамуына қосқан үлестеріне ризашылық білдіріп, бірқатар ауыл тұрғындарын алғыс хатпен марапаттады.

– Ауылдың белсенді тұрғындары мұнымен тоқтап қалмайды. Әлі де жыл соңына дейін ауылдағы аулаларға бірнеше ойын алаңшаны салып беру жоспарланған. Осындай игі істер өзге ауылдарға да үлгі болып, ауылдың әлеуетін дамытуға атсалысса екен деймін, – дейді қалалық маслихат депутаты Бекзат Хабибов.

Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, жанашыр ауыл тұрғындарына ризашылықтарын жеткізді.

Айта кетейік,  Қарнақ ауылында пайдалануға берілген алаңшасы барлық стандарттарға сай, 0,5 га аймақты алады. Онда жарықшамдар орнатылып, айналасы абаттандырылған. Бір мезгіл баласымен барған ата-аналарға тыныстап демалуға арналған жайлы орындықтар қойылған. Мұндай ойын алаңшасы осымен үшінші рет ауыл балаларына табысталуда. Ауылдың белсенді тұрғындары жыл соңына дейін әлі үш алаңша табыстауды жоспарлаған. Бүгінде аталған ойын алаңшалардың құрылысы жүруде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға айрықша көңіл бөлу қажет екенін айтқан болатын. «Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр. Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Сонымен қатар, балаларға жайлы орта жасауды жалғастыра береміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлау алдындағы бағдарламамда айттым. Үкіметке енді осы мақсатқа үш жыл ішінде кем дегенде 58 миллиард теңге бөлуді тапсырамын» деген еді Мемлекет басшысы өз Жолдауында.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *