ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТУРИЗМ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 3 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті – туризм саласындағы еліміздегі алғашқы бейінді мемлекеттік оқу орны. Оқу орнының ерекшелігі – дуалды оқыту жүйесі қолға алынған. Яғни студент оқып жүріп, білім ордасы келісімшартқа тұрған нысандарда ақылы түрде жұмыс істей алады. Иә, университетте келесі оқу жылынан бастап 3 жылдық білім беру жүйесіне көшу жоспарлануда. Бұл туризм саласындағы кадр тапшылығы негізінде қолға алынған бастама. Алдағы оқу жылынан бастап білім алушылар бакалавр дипломын 3 жылда алатын болады.

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Университетті құру Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында бекітілген.

2023-2024 оқу жылында 3,4-курстардың 170 студенті дуалды оқыту бағдарламалары бойынша оқыған. Оның ішінде 18 студент «Rixos Dubai» қонақ үйінде тәжірибеден өткен. Бұл жайында университет ректоры Әлібек Шоқпаров брифингте мәлімдеді.

«Біздің университеттің серіктестерінің бірі – «Rixos Water World Aktau» қонақ үйі. Онда студенттер тәжірибеден өтіп, әрі еңбекақы алады. Одан әрі студент өзін жақсы жағынан көрсетіп, жұмыс барысында үздік нәтижелерге қол жеткізетін болса, ресми түрде жұмысқа орналасады. Студенттердің өндірістік практикасы «Aktau Tourism City Ltd», «Rixos President Astana», «Wyndham Garden Burabay», «Turkistan Silk Way Harbor», «Кhanshaiym Hotel» және «Hampton by Hilton Turkistan» сияқты ірі желілік қонақ үйлер базасында өтеді» — деді Әлібек Жұмабекұлы. Сонымен қатар, спикер халықаралық ынтымақтастықты дамыту аясында студенттерге жыл сайын отандық және шетелдік серіктес оқу орындарында 1 семестр білім алуға мүмкіндік жасалғанын жеткізді. Сондай-ақ, ақы төленетін шетелдік жазғы тағылымдама аясында әлемнің әйгілі туристік-курорттық аймақтарында тәжірибе жинақтауға жағдай жасалған. Бүгінде университет Түркия, Франция, Польша, Словакия, Таиланд, Малайзия оқу орындарын қоса алғанда, 31 шетелдік жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы келісімге ие. Яғни, білім алушы жоғарыда аталған мемлекеттерде арнайы тағлымдамадан өтіп, өндірістік тәжірибе жинай алады.

Университет ерекшелігі – дуалды оқыту жүйесі қолға алынған. Яғни студент оқып жүріп, білім ордасы келісімшартқа отырған нысандарда ақылы түрде жұмыс істей алады. Мысалы, IUTH серіктестерінің бірі –RixosWaterWorldAktau. Мұнда студенттер тәжірибеден өтіп, әрі еңбекақы алады. Одан әрі студент өзін жақсы жағынан көрсетіп, жұмыс барысында үздік нәтижелерге қол жеткізетін болса, ресми түрде жұмысқа орналасады. Мұнымен қатар оқу үлгерімі жақсы болса, шәкіртақысы да сақталады

Университет 2021 жылдың желтоқсанында ҚР жоғары оқу орындарының арасында бірінші дүниежүзілік туристік ұйымның (United Nations World Tourism Organization) бекітілген мүшесі болды. Университет 2021 жылдың желтоқсанында ҚР жоғары оқу орындарының арасында бірінші дүниежүзілік туристік ұйымның (United Nations World Tourism Organization) бекітілген мүшесі болды.

2023 жылдың қазан айының басында Университет Түркияның жоғары білім Кеңесі (Yükseköğretim Kurulu) мойындаған шетелдік жоғары оқу орындарының тізіміне енді.  Университет қызмет көрсету саласы үшін кадрлар даярлайтын, өзінің білім беру бағдарламаларына дуальды оқыту элементтерін белсенді енгізетін Қазақстандағы жалғыз бейінді жоғары оқу орны болып табылады.

Оқу ордасына жыл сайын 800 грант бөлінеді. Бүгінде студенттердің 2 338-ы грантта оқыса, 216-сы ақылы негізде білім алады. Биыл университет алғашқы 461 түлегіне диплом табыстайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықына арналған Жолдауында туризм саласына ден қою керегін айтты:

«Үкімет және Парламент туризмді дамыту мәселесіне баса назар аударуға тиіс. Еліміздегі туризмнің әлеуеті зор, көрікті жерлеріміз өте көп. Бірақ сол жерлерге барып, демалуға әлі де жұрттың қолы жете бермейді. Бұл салаға тың серпін беру үшін, ең алдымен, инфрақұрылым мәселесін кешенді түрде шешіп, қызмет сапасын түбегейлі жақсарту қажет».

Түркістанда туризмнің дамуына барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті.Тарихи және киелі орындарға саяхаттауға Түркістан қаласында бұрынғы заман мәдениетінің көрінісі ретінде әлемге танылған әйгілі тас ескерткіштерін, Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттық пен қолөнершілердің ордасы Отырар қаласын, көне Сайрамның ескерткіштерін, Қожа Ахмет Ясауи кесені мен Арыстанбаб кесенесін тамашалауға болады.

Аталған университет өңірде ғана емес ел деңгейінде туризм мамандары тапшылығын жою бағытында жүйелі жұмыс жасап келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *