«ӨҢІРЛІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ КАРТАСЫ» БОЙЫНША ОБЛЫСТА 118,9 МЫҢ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛАДЫ

Биыл Түркістан облысында жұмыспен қамту шаралары қарқынды жүргізілуде. Оған қоса, 2024 жылы 140,2 мың тұрғынды жұмыспен қамту шараларын іске асыру қолға алынуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдымен бекітілген «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118,9 мың жұмыс орнын ашу көзделуде. Ал, өңірлік карта аясында 74,1 мың адамға тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігі беріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әкімдіктер жыл сайын халықты жұмыспен қамтудың өңірлік карталарын бекітеді, оларда ұлттық жобаларды, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны» бастамасын іске асыру, халықтың еңбек мобильділігі, субсидияланатын жұмыс орындары мен жұмыс берушілер ұсынатын вакансиялар шеңберінде азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша нақты шаралар көзделген.  Биыл 943 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Осылайша, іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде 69 мың қазақстандықты жұмысқа орналастыру қарастырылған, оның ішінде, субсидияланатын жұмыс орындарына (оның ішінде 9 мың грант беру) – 193,8 мың, бос жұмыс орындарына – 318,1 мың, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны» бастамасы шеңберінде – 341,3 мың, жастарға жылдық 2,5% жеңілдікпен шағын кредит беру шеңберінде – 5,8 мың, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша кредит беру шеңберінде – 15,2 мың.

Халықты құрылатын жұмыс орындары туралы хабардар ету, сондай-ақ азаматтарды жұмысқа орналастыру процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Электрондық еңбек биржасында арнайы функционал іске қосылды. Бос жұмыс орындары (жобалар, тұрақты және уақытша жұмыс орындары бөлінісінде) туралы ақпарат жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар мен жұмыс іздеуді өз бетінше жүзеге асыратын ізденушілер үшін қолжетімді.

Жұмысқа орналасу бойынша мониторинг ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде жүргізіледі, ал олардың дұрыстығын тексеру еңбек шартын тіркеу, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың болуы арқылы жүзеге асырылады.

Жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сәйкес 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 143,7 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 65 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Бүгінде Өңірлік карта бойынша 45 197 жұмыс орындары ашылып, оның ішінде 15 289 орын тұрақты. Бұл ретте,  Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орны бағдарламасы арқылы 4 345 тұрақты жұмыс орны ашылды. Сонымен қатар, Ұлттық жобалар бойынша 3671 жұмыс орындарын ашу жоспарланып, нақты 87 жоба арқылы 610 жұмыс орны ашылды.

Жалпы облыс көлемінде 43,3 мың адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бүгінде 10 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Ал, 43,2 мың адамды уақытша жұмыс орындарына жолдау көзделіп, нақты 20,5 мың адам субсидияланған уақытша жұмыс орындарына орналасты.

Айта кетейік, Түркістан облысында кәсіпкерлікке бірқатар қолдаулар көрсетіліп келеді. Оған дәлел 2024 жылы 7,2 мың адамға кәсіпкерлік бастамаларына грант және шағын несие беру жұмыстары қарастырылуда. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы азаматтар арасынан 1 793 адамға бизнес-идеясын дамытуға гранттар беру, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 4 803 жаңа жұмыс орындарын ашу, 621 жас кәсіпкерлерге 2,5 пайызбен 5 млн. теңге жеңілдетілген шағын несие беру көзделуде. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *