Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісінде сөйлеген сөзінде техникалық білімге басымдық беру туралы айтып өтті. «Бәріміз білімге деген көзқарасымызды өзгертуіміз керек. Гуманитарлық мамандықтарға құмарлықтың заманы өтті. Техникалық мамандықтарға басымдық беру керек. Өнеркәсіптік инженерлердің жаңа буынын өсіру қажет», – деген болатын.
Түркістан облысында де колледждерде білім беру саласында техникалық мамандықтарға басымдық берілуі мемлекеттің білім беру саясатымен астасып жатқанының көрініс.
Түркістан облыстық Білім басқармасының мәліметінше: облыста 55 колледж бар, оның 28-і – мемлекеттік, 27-і – жеке меншік. Жыл сайын облыстық бюджеттен колледждерге мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінеді. 2021 жылы облыстық бюджет тапсырысы бойынша 6092 орын ғана бөлінген болса, 2022 жылы «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы шеңберінде Түркістан облысына республикалық бюджеттен 10 000 орын, облыстық бюджеттен қосымша тағы 7000 орын бөлінген. Аталған мәселе бойынша комиссия отырысы шешімімен 2022-2023 оқу жылына жалпы 17000 орынға техника және кәсіптік орта білімінен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Бюджеттік орындар 71 мамандық бойынша бөлінді. Яғни, білім бейіні бойынша – 600, өнер және гуманитарлық ғылымдар бойынша – 450 орын, кәсіпкерлік басқару және құқық саласы бойынша 175 орын, ақпараттық-коммуникация технолгиялары бойынша – 1400, инеженрлік өңдеу және құрылысы салалары бойынша 10720, орман және балық шаруашылығы, ветеринария саласы бойынша 1125, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтатмасыз ету саласы – 575, қызметтер саласы бойынша – 1905 орын бөлініп отыр. Жалпы, 14980 орын 9-сынып бітірушілері үшін 2020 орын 11 сынып бітірушілер үшін қарастырылған. Жалпы, Ұлттық Жоба аясында мемлекет тарапынан 10 000 орынның бөлінуі жастарымыз үшін қолдау деп санаймын. Бірінші кезекте мектептен кейін оқымай кеткен, білім ала алмай жүрген, Neet санатындағы жастардың білім алып, мамандық алып, кәсіп игеруіне жол ашпақ. Екінші жағынан, биылғы мектеп түлектері үшін тегін, ақысыз техникалық біліммен қамту. Басымдық келетін болсақ, ең көп, яғни 10720 орын техникалық және технологиялық мамандықтарға бөлініп отыр.
Ал, өткен 2023-2024 оқу жылына техникалық және кәсіптік кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу бойынша комиссия шешімімен 15300 грант бөлінген болатын. Ал, жаңа оқу жылына Түркістан облысында 15500 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары техникалық, құрылыс және ауылшаруашылық салалары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім салаларына бағытталған.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында талқыланды. Күн тәртібінде білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында жарияланған конкурс нәтижелері бойынша оқу орындарының тізбесін анықтау мәселелер қаралды.
Бүгінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау сапасын арттыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жұмыс берушілердің талабына жауап бере алатын, заманауи құрал-жабдықтарды меңгерген, кәсіби шеберлігі шыңдалған мамандар даярлау басты назарда.
Облыс әкімдігінің өкімімен Техникалық және кәсіптік, орта білімен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілген. 22 мамыр күні конкурсқа құжаттар қабылдау жөнінде хабарлама облыстық білім басқармасының сайтында жарияланды. Комиссия шешімімен 2024-2025 оқу жылына 71 мамандық бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді.
Конкурсқа өтініштерді қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы басқарманың электронды құжат айналымына 46 колледжден 83 мамандық 125 біліктілік бойынша 17 385 орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша өтініштер келіп түсті. Оның 28-і мемлекеттік, 18-і жеке меншік.
Облыс әкімінің техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде заман талабына сәйкес, сұранысқа ие жаңадан 10 мамандық ашылмақ. Олардың қатарында ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, жылжымайтын мүлікті басқару, қала қатынас жолдарын салу, лифт пен эскалаторларды, газбен қамтамасыз ететін жабдықтарды жасау, ландшафтық дизайн мен ет, сүт өндіру сынды мамандықтар бар. Бұдан бөлек, тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану, монтаждау, темір жолдың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мен жиһаз өндірісін үйрететін мамандықтар жаңадан қосылады деп жоспарлануда.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалуда. Өткен жылы алғаш рет инклюзивті білім беру іске қосылған еді. Бұл бастама өз нәтижесін беріп, биыл да инклюзиялық білім бағыты бойынша 8 орынға берілді. Төлеби ауданында орналасқан №8 колледждің базасында «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша «Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері» біліктілігімен арнайы инклюзивті топ ашылған.