ОБЛЫСТЫҚ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ

Түркістан облысы жастары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 2024 жылғы 2-12 шілде аралығында «Жемқорлық індет, онымен күресу міндет» тақырыбында облыстық бейнероликтер байқауы ұйымдастырылуда.

 

  1. Жалпы ережелер

Түркістан облысының бейнероликтер байқауын ұйымдастырушы «Жалын» қоғамдық бірлестігі.

Байқау жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттін арттыру мақсатында өткізіледі.

Байқауға 18 жастан 35 жасқа дейінгі ҚР азаматтары қатыса алады. Жұмыс жеке де, сондай-ақ ұжымдық болуы мүмкін.

 

  1. Мақсаты мен міндеті

2.1. Байқаудың міндеті:

— халықтың шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың назарын өзекті әлеуметтік мәселелерге аудару;

— сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудың қоғамдық ахуалын қалыптастыру;

— сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау, жемқорлық деңгейін төмендету.

2.2. Байқаудың мақсаты:

— халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттілігін арттыру;

— әлеуметтік-қоғамдық белсенділіктерін, азаматтық жауапкершілік сезімдерін ояту;

— халықты адамгершілік-патриоттыққа, жалпыазаматтық құндылықтарға  және шығармашылыққа баулу.

 

  1. Байқау шарттары

3.1. Бейнеролик байқауының негізгі тақырыбы «Жемқорлық індет, онымен күресу міндет».

3.2. Байқаудың тақырыбына сәйкес келетін кез келген қолжетімді құралдармен түсірілген бейнероликтер қабылданады;

3.3. Байқауға қатысуға өтінім бейнеролигін tbn_4@mail.ru электронды поштасына қатысушының аты-жөні, мекен-жайы, телефон нөмері және инстаграмм парақшасымен рәсімделіп және конкурстық жұмыс осы ережеде көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей берілуі тиіс. Өтінім жұмыстарды конкурсқа қатыушылар тізіміне енгізу үшін қажетті құжат болып табылады. Өтінімсіз ұсынылған материалдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді;

3.4. Байқауға басқа көздерден алынған бейнероликтер мен слайдшоуларға (бейне-хостингтер, әлеуметтік желілер және т.б.) жол берілмейді;

3.5. Байқауға басқа адамдардың қадір — қасиетін және беделін түсіретін, конкурс тақырыбына сәйкес келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды;

3.6. Бейнероликтің талаптары:

Конкурстық материал конкурстың тақырыбына сәйкес келетін кез келген қолжетімді құралдармен түсірілген бейнероликте өзін көрсетуді білдіреді.

Бейне пішімі: mp4

Бейнероликтің ең төмен рұқсаты: 1920×1080 (16:9).

Бейнероликтің ұзақтығы — 1 минуттан 2 минутқа дейін.

Бейнероликтер ақпараттық кіріспемен ресімделуі тиіс.

Бейнероликті монтаждау және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды пайдалану — қатысушының қалауына қарай.

Қатысушылар бейнеролик жанрын (сұхбат, репортаж, бейнеклип, мультфильм және т.б.) өздері анықтайды.

Авторлық құқық:

Конкурсқа қатысатын жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына осы жұмысты конкурсқа жіберген қатысушы жауапты болады.

Ескертпе: конкурсты ұйымдастырушы бейнематериалды коммерциялық пайдалануды қоспағанда, қатысушылардың бейнероликтерін өз қалауы бойынша пайдалану құқығын өзіне қалдырады.

Конкурсқа басқа адамдардың қадір-қасиеті мен сезімін қорлайтын, конкурстың тақырыбына және талаптарға сәйкес бейнероликтің ұзақтығына сыймайтын жарнамалық сипаттағы роликтер қабылданбайды.

3.7. Көрсетілген мерзімнен кеш келген жағдайда жұмыстар қабылданбайды.

 

  1. Байқау өткізілу мерзімі мен тәртібі

4.1. Бейнеролик байқауына қатысушылар «Жемқорлық індет, онымен күресу міндет» тақырыбындағы бейнеролигі мен байқауға қатысу туралы өтінімін tbn_4@mail.ru пошталық мекен-жайына жолдай алады.

Шығармашылық жұмыстар 2024 жылдың 12 шілдесі сағат 18:00 дейін жолдануы тиіс.

4.2. Әділқазылар алқасының мүшелері ережеде көрсетілген бағалау критерийлері бойынша бейнеролик жұмысын 5-10 балл аралығында бағалау жүргізетін болады.

Бейнеролик байқауын қорытындылауға арналған әділқазылар отырысы 2024 жылдың 17 шілдеден кешіктірілмей өтеді.

4.3. Бағалау критерийлері:

— роликтің талаптарға сәйкестігі;

— жұмыстың мәлімделген тақырыпқа сәйкестігі;

— орындаушылық шеберлігі мен әртістігі;

— азаматтық ұстанымның айқындылығы;

— дыбыстық сүйемелдеудің, бейнеэффектілердің болуы;

— бейнероликтің креативтілігі (тақырыпқа көзқарас жаңалығы, түпнұсқалығы, ойлау икемділігі);

— ақпараттылық;

— жұмыстың эстетикалығы, жалпы эмоциялық қабылдау.

 

 

  1. Қазылар алқасы

5.1. Қазылар ақасының құрамына «Түркістан — адалдық алңы» жобалық кеңсе және Түркістан облысының қоғамдық даму мамандары, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік жобасының» еріктілері, бұқаралық ақпарат құралдары және үкіметтік емес ұйым өкілдері енеді.

5.2. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді.

 

  1. Жеңімпаздарды марапаттау

Бейнеролик бақылауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі диплом, І орын — 200 000 тг, ІІ орын  — 100 000 тг, ІІІ орын — 50 000 тг көлемінде қаржылай немесе бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Байқауды ұйымдастыру шығындары (жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау) «Жалын» қоғамдық бірлестігі есебінен жүргізіледі.

 

  1. Қатысуға тапсырыс

Байқауға қатысу туралы өтініштер бйқау ережесінің 1 қосымшасына сәйкес толтырылып, байқауға қатысушының ұсынылатын бейнеролик жұмысымен бірге 2024 жылдың 12 шілдесіне дейін қабылданады.

Байланыс телефондары: 8 701 794 2784,  8 708 123 5029

Осы ереже байқауға шақыру болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *