Дәстүрлі түрде өткізілетін Х Азаматтық форумда ел Президенті: Бұл – мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың үйлесімді дамуына зор үлес қосатын маңызды басқосу. Азаматтық қоғам құру – біз үшін негізгі басымдықтың бірі. Елбасының бастамасымен 2003 жылдан бері тұрақты өткізіліп келе жатқан форум – осының айқын дәлелі. Диалогтың осы үлгісі көптеген мәселені талқылап, ұсыныс әзірлейтін тиімді пікірталас алаңына айналды. Форум азаматтық бастамаларды қолдау үшін жүйелі шаралар қабылдауға септігін тигізуде. Сондай-ақ, стратегиялық және заңнамалық құжаттар дайындауға ықпал етуде, деп форумның маңыздылығын түсіндірген болатын. Дәл осы тұста азаматтық қоғам қалай пайда болғаны жайлы мақалада толығырақ айтатын боламыз.
Адамның қоғамдағы орны көптеген әлеуметтік белгілерімен сипатталады. Оған ұлты, тұратын жері, қоғамдық өндіріске қатысуы, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі орны (өндіріс құралдарына меншік қатынасы, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы рөлі, еңбектің мазмұны мен сипаты) кәсібі, білімі, табыс мөлшері, саяси билікті іске асыруға қатынасы және т.б жатады. Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа, зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар, немістер және т.с.с.Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта әр түрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алды. Мысалы, студент, қазақ, үлкен қаланың тұрғындары. Адамдардың қоғамдық жағдайындағы ортақ өмір ерекшеліктері, әлеуметтік бір топқа енуі олардың әлеуметтік мүшелерін бірлестіреді. Олар адамдар мен әлеуметтік топтардың өз өмірлік жағдайын, мүмкіншілігін нығайтуда, кеңейтуде көрініс табады. Оған әр түрлі деңгейде табысқа, билікке, кәсіпке, білімге, мәртебеге және т.с.т ие болу мүмкіншіліктері жатады. Адамдар саяси процесте белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады. Олар жалпы қоғамдық өмірдің, оның ішінде саяси процестің басты субъектісі болып табылады. Сондықтан қандай болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады. Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді. Қоғамдық өмірді әр түрлі әлеуметтік топтардың өзара әрекеттестігінің нәтижесі деуге болады. Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі түрлерін атауға болады. Оған әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-таптық, кәсіби және елді мекендік құрылым жатады. Марксистік қоғамтану әлеуметтік құрылымның негізгі түрі деп қоғамның таптық құрылымын санады. Өйткені ол қоғамдық өмірдің ең маңызды саласы қоғамдық өндіріс жүйесінде құрылады. Сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге басқа да белгілер шешуші рөл атқарады. Мысалы, билік құрылымындағы орны мен рөлі, табысының мөлшері, әлеуметтік топтың, әлеуметтік құрылымды және қоғамның әлеуметтік бөлінуін зерттеу үшін XX ғасырда әлеуметтік стратификациялану деген ұғым кіргізілді. «Страт» латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Әлеуметтік жіктелуге қоғамның құрамына кіретін белгілі-бір топтардың жиынтығы жатады. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде волюнтаризм(ерікке ырық берушілік) болмауы үшін, қоғамдағы барлық жіктерді қарастырып, оларды бір белгі, өлшем арқылы салыстыру керек. Соның арқасында әлеуметтік топтарды және олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай өлшемді таңдап алған жөн. Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынандай белгілерді басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, биліктің аумағы, мәртебесі, ұлттық ерекшеліктері және т.б Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе(мысалы, табысының мөлшеріне, билік жүргізуге қатысына қарай т.т) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болады. Әлеуметтік жіктелу теориясы адамды қызметкер ретінде де, тұтынушы ретінде де қарастырады.Олбилік жүйесіндегі барлық жағдайын, басқара алатын объектісінің аумағы мен түрлерін, қоғамнан ала алатын игілік мөлшерінің барлық түрлерін ескереді. Осылардың арқасында ол қоғамдағы әлеуметтік жіктелу жүйесін және қалыптасқан теңсіздікті жан-жақты зерттеп білуге мүмкіндік береді. Ал әлеуметтік жіктелу теориясы, біріншіден бұл өзгерістерді дер кезінде көрсете біледі. Екіншіден, қоғамның әлеуметтік топтарының қазіргі қалпы, бейнесі жөнінде толығырақ мағлұмат береді. Шетелде әлеуметтік жіктелу теориясы жүз жылға табысты пайдаланылып келеді. Ал Кеңес Одағында оны маркстік-лениндік таптар мен тап күресі теориясына қарсы қойып, қолданбады. Себебі, бұл әдісті пайдаланса, әлеуметтік жіктелу мен теңсіздіктің беті ашылып қалған болар еді. Сондықтан коммунистік идиологияның оны қолдануға, насихаттауға, таратуға мүддесі болмады, керісінше, өңін өзгертіп, бұрмалауға тырысты. Қазақстандағы азаматтық қоғам: проблемалары, қарама- қайшылықтары, болжамдары. Қазақстанда азаматтық қауымдастық негізінде азаматтық қоғамды қалыптастыру еліміздің әлемдік өркениеттер жүйесіне қосылуына мүмкіндік береді. Бұл халықтың экономикалық және мәдени дамуына, қоғамдық өмірдің барлық саласының тұрақты дамуына еліміздің барлық потенциалын пайдалануға жағдай жасайды. Азаматтық қоғам, азаматтық қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құқықтық негізі ретінде. Азаматтық қоғам мен азаматтық феномені мемлекет билігіне қарсы оппозиция мен түрлі көзқарастар мен қажеттіліктердің иеленуші –тұлғадан туындайды.Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандарудың ең жақсы әдісі саяси тұрғыда ұйымдасқан қоғамның мүшелері арасындағы еңбекті бөлу принципі. Ол тұрғындарды 3 сословиеге бөлді: басқарушы-философтар, әскерлер, қолөнершілер мен жер өңдеушілер. Платон қоғамды бөле отырып, полистің өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесінде «саяси мемлекеттен» басқа «азаматтық қоғамды» көрсетті.