АЭС МАҢЫЗДЫ ШЕШІМ

Біздің елде энергия көзінің тапшылығы қазірдің өзінде бар. Ресей мен Қырғыз мемлекетінен күнделікті электр энергиясын сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Көбіне кешкі және таңертеңгі уақытта сатып аламыз. Сондықтан АЭС салу қолға алу жағын жоспарлауда. АЭС-ті 2035 жылы қосамыз деп болжағанның өзінде бұл қуаттылықтың мөлшері толық 9-10 пайыз болады. Сонымен қатар АЭС-тен басқа жаңартылатын электр көздерін салу да жоспарланған. 2023 жылғы мәлімет бойынша, жаңартылатын электр көздерінің қуаттылығы 6 пайызды құрады. Яғни, біз жаңартылатын қуат көздерінен бас тартып жатқан жоқпыз. Оларды да салуды қарастырып, осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр.
Бір ғана АЭС салып электр қуатының жетіс¬пеушілігін еңсере алмаймыз. Бірақ алдымен бір АЭС-тің өзі біршама тұтын¬у¬¬шылық қажеттілікті қамтамасыз етеді. АЭС салу арқылы энергетикалық тәуелсіз¬дікке қол жеткізе аламыз. Атап айтсақ, ол меншікті атом электр станциясы энергия тасы¬малдаушылардың импортына тәуел-ді¬лікті азайтуға, елдің энергетикалық қау¬іп¬¬сіздігін арттыруға және энергетикалық ресурстарды неғұрлым икемді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге АЭС бізге ме¬тал¬лургия және машина жасау сияқты энергияны көп қажет ететін салବларды дамытуға қуатты ынталандыру бола алады. Жаңа жұмыс орындарын да қамтып өтетінін айтып өтуіміз керек.
Бұл – ел экономикасына оң¬ әсер етеді. Атом электр станцияларын са¬лу және пайдалану жаңа технологиялар мен ғылыми зерт¬теулерді дамытуды талап етеді, бұл елдің технологиялық жабдықталу деңгейін арттырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *