ТҮРКІСТАН: КИЕЛІ ШАҺАРДА ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРУДЕ

 

Қоғамда құқық бұзушылыққа жол берілмеу үшін барынша түсіндірме жұмыстары сапалы әрі нақты жүргізіліп отырса, келеңсіз іске жол берілмейтіні анық. Бұл – өмірден алынған тәжірибе. Осы бағытта Түркістан облыстық прокуратурасы да пәрменді істер атқарып, жұмыстың нәтижелі болуына баса назар аударып келеді.

Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез- құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс. Оқушыларға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана-сезімін бірінші кезекте қалыптастырудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана – қоғамдық санның ерекше түрі.Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіптілікті нығайту – мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты.

Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкарас та күннен күнге өзгеру үстінде. Бұқаралық ақпарат және қарым-қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып, ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі, есірткі қолдануы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде.Ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған, шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз, ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек, адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу – тәрбие жұмысының негізгі мақсаты. Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз, оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.

Құқықтық тәрбие сан қырлы, күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Соның ең бірінші сатысы – оқушыны заңмен хабардар етіп, оның жалпы білім деңгейін көтеру.

Атап айтсақ, қылмыстық қудалау және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау барысында соңғы 3,5 жылда Түркістан қаласы прокуратурасы қылмыстық істер бойынша 622 нұсқау беріп, 58 рет процестік прокурор тағайындалды, 697 заңсыз қаулының күші жойылды, 44 іс қосымша тергеуге қайтарылса, прокурормен 9 қылмыстық іс және 36 жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылды. 23 жасырылған қылмыс анықталды, қалалық полиция басқармасының қызметтік бөлмелерінен заңсыз ұсталып отырған 14 адам босатылды. Заң бұзушылықтарға жол берген 111 полиция қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Электронды форматта тергелген істер үлесі 2019ж.13% құраса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 95%-ға жеткізілді.
Мемлекеттік айыптауды қолдау және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау саласында прокурорлар соттарда қаралған 747 адамға қатысты 650 іс бойынша мемлекеттік айыптауды қолдаған. Апелляциялық өтінішхаттар негізінде 6 адамға қатысты 3 іс бойынша үкімдер өзгертілді.
Әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықтың сақталуын қадағалау барысында талдау және тексерулер жүргізу арқылы елеулі оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Соңғы 3,5 жылда қадағалау актілері бойынша 132 970 жеке және заңды тұлғаның (соның ішінде 5898 кәсіпкер мен 78 395 кәмелетке толмаған баланың) құқықтары қорғалды. 5981 заңсыз құқықтың актінің (оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар қабылдаған 11 нормативтік құқықтық актінің) күші жойылған немесе заңнамаға сәйкестендірілген. 451 адам тәртіптік және әкімшілік жауаптылыққа (оның ішінде 7 мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін) тартылған. Тексеру нәтижесімен тіркелген материалдар бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.
Мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғауда жүйелі тиімді жұмыс жүргізілуде. Қадағалау актілері негізінде өндірілген сома жылдан жылға ұлғаюда.
Түркістан қаласы аумағында қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдан бері қала прокуратурасы бастамасымен Әлеуметтік шиеленістер ошақтарының картасын жасақтау қолға алынған. Карта ай сайын жаңартылып, прокуратураның келісуімен қала әкімі бекітеді. Картаға мониторингпен анықталған өзекті проблемалар енгізіліп, барлық жауапты мемлекеттік органдар оларды түбегейлі шешуге, әлеуметтік шиеленіске әкеп соғуы мүмкін жағдайлар мен себептерді жоюға бағытталады. Картаға бүгінгі күнге дейін барлығы 48 мәселе енгізіліп, оның 39 оң шешімін тапқан.Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – прокуратура қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі, себебі бизнестің дамуы, іскер адамдардың ұлғаюы халықтың әл-ауқатын жақсартып, жұмыссыздықты азайтумен бірге қылмыстық ахуал мен құқық тәртібіне де оң ықпал етеді.
Прокуратураның бұл бағыттағы жұмыс кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастықта атқарылады.Соңғы 3,5 жылда қала прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын сақталуына қатысты 5 тексеру мен талдау жүргізіп, 20 арыз-шағым қараған. 7 заң бұзушылық анықтап, 8 қадағалау актісін енгізген.Нәтижесінде 5 900 кәсіпкердің құқықтары қорғалған.
Мысалы, Түркістан қаласы әкімдігінің «Түркістан қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру туралы» 19.07.2019ж. №1103 қаулысына наразылық енгізіп, заңнамаға сәйкестендіру нәтижесінде ӘҚБтК-нің 204-бабымен негізсіз әкімшілік жауаптылыққа тартылған 928 жеке тұлғаға және 199 кәсіпкерге қатысты полиция тарапынан әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыларының күші жойылып, 1 183 481 теңге айыппұл сомалары қайтарылған.
«Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС (тұрмыстық қатты қалдықтарды тасымалдаушы) 844 кәсіпкерлік субъектіден төлемді негізсіз жоғары тарифте алып келгені анықталып, артық төленген 8 274 945 теңге кәсіпкерлерге қайта есептеліп, қайтарылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *