ТҮРКІСТАН: МҮГЕДЕК АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?

 

 

Елімізде мүгедек жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға ұлттық жоспар бар. Бұл жоспар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жыл, 28 мамырдағы №326 қаулысымен бекітілген. Қазіргі таңда осы қаулы бойынша мүгедектер мүддесін және құқығын қорғау басты назарға алынып келеді.

Қазақстанда 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың 400 мыңнан астамы еңбекке жарамды. Оның ішінде 61,5%-ы еңбекке жарамды жаста болса, 25,7%-ы зейнет жасындағы адамдар. 18 жасқа толмаған балалар 12,8%-ды құрайды. 2006 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының мүгедек жандарды қорғау туралы конвенциясын қабылдады. Мұнда елдегі мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамның толық мүшесі ретінде тану керек және мемлекеттік қолдау көрсету басты мақсат саналуы тиіс. Кемтар балаға бар ғұмырын сарп еткен ата-ананы әлеуметтік қызметкер қатарына қосып, тиісті көмек қолын созу міндет. Жуырда мүгедек жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар шеңберінде, жұмыстың ашықтығын арттыру мақсатында мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы республикалық кеңес құрамын жаңарту туралы шешім қабылданды. 2014 жылы құрылған бұл Үйлестіру кеңесінің құрамы 6 жылдан бері жаңартылмаған. Ал жаңалығы, Кеңестің жаңа мүшелері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтында онлайн дауыс беру арқылы таңдалады. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу, мүгедектерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, олардың тыныс-тіршілігі мен қоғамға етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Құқығын қорғайды. Оның құрамына республикалық және өңірлік мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері енеді. Бүгінде Үйлестіру кеңесіне 26 адам кіреді. Олардың арасында саңыраулар, зағиптар, сал ауруына шалдыққан азаматтар, жастар мүгедектер қоғамының, мүгедек әйелдердің, жоғары білімді мүгедектер бірлестіктерінің өкілдері бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Үйлестіру кеңесін жаңарту бірнеше кезең бойынша жүзеге асады. Алдымен мүмкіндіктері шектеулі белсенді азаматтардың барынша қатысуымен өңірлік кеңестер құрылатын болады. Әрбір облыста құрамына кемінде 20 адам кіреді. Өңірлік үйлестіру кеңестерінен республикалық кеңестің құрамына 1 өкілден таңдап алынады. Мүмкіндігі шектеулі жандар қатарынан Үйлестіру кеңесі құрамына таңдаудың жаңалығы – онлайн дауыс беру. Ақпан айының соңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында әлеуетті үміткерлерден өтінімдер қабылдау басталады. Жеңімпаздар анықталғаннан кейін Үкімет қаулысына өзгерістер енгізіледі. Еске сала кетейік, Үйлестіру кеңесінің мүшелері орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мүгедектердің құқықтарын жүзеге асыру, олардың тіршілік әрекеті мен қоғамға кірігуі үшін тең мүмкіндіктер жасау мәселелері бойынша қызметтерін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Үйлестіру кеңесінің республикалық отырысы жылына 2 рет өтеді. Қоғамдағы аса маңызды мәселелер көтеріліп,  талқыға салынады. Мүгедектіктің алдын алу және инклюзивті білім беруді дамыту, мүгедектігі бар адамдар үшін “кедергісіз орта” құру және қызмет көрсету, жұмысқа орналастыру бойынша жоспарлар айтылады.  Ең соңғы отырыста айтылған ұсыныстар Қазақстан Республикасы мүгедек жандардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарға енгізілді. Ал, балалардың құқықтық мәртебесін мойындауға адамзат ғасырлар бойы ұмтылып келеді. Қазіргі уақытта кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті адамдарға қатысты баланың абсолютті, басым мәртебесінің декларативті мойындалғаны мен белгіленгенін адамзат жетістіктерінің бірі ретінде қабылдауға болады.

 

 

 

Бірақ адамзат тарихында балаға ересек адамның билік жүргізу ұста­ны­мы бала құқығы тұрғысынан негіз қалаушы ұстаным болған кездер бар. Ата-ана құқығының бала құқығынан үстем болуы ұзақ уақыт бойы қоғамда қалыпты жағдай саналды. Ата-ананың баласын өлтіруге және сатуға деген құқығын осындай қатынастардың шегі деп санауға болады. Бұл кей елдерде ХІХ ғасырға дейін сақталды. Мысалы, Римде әке билігі бәрінен жоғары тұрды. Жеке қарым-қатынаста, жаңадан дүниеге келген баласының өмірін сақтап қалатыны немесе сақтап қалмайтыны әкенің еркінде болды: ол оны тіпті лақтырып тастай да алатын еді. Әкесінің өз балаларын бүтіндей құлдыққа немесе мемлекет ішінде құлдыққа сатуына құқығы болды. Әрине, іс жүзінде жағдай басқаша болуы да мүмкін, бірақ заң жүзінде әке баланың жеке басының шексіз билеушісі болды. Ежелгі Қытай құқығы отағасын оның билеушісі ретінде айқындады. Көне заманда басқа балалардың ал­­­дын­да бірқатар басымдықтары болған үлкен баласынан басқа балаларын сата алды. Ұлын немесе немересін әкесінің, анасының, әкесі жағынан атасы мен апасының ұрып-соғып өлтіргені үшін жазаланбауы ХІХ ғасырға дейін сақталып келді. Рұқсатсыз үлкен отбасынан бөлініп шығуға немесе отбасылық мүліктің бір бөлігін иемденуге тырысқан ұлдары мен немерелері де жазаға тартылды.

Русьте ата-анасын өз балаларының құқықтары мен өліміне қатысты қандай да бір құқықтары формальды түрде болмағанымен, ата-ана билігі анағұрлым күшті болды. Алайда балаларды өлтіру ауыр қылмыс ретінде қаралмаған. 1846 жылғы Жинақ бойынша баласын өлтіргені үшін әкесі бір жылға түрмеге қамалған және шіркеу тарапынан тәубеге келтірілген. Ал ата-аналарын өлтірген балалар өлім жазасына кесілген. Бірақ әлемнің барлық елдерінде түрлі тарихи кезеңдерде ата-аналарының өз балаларына иелік ету құқығының болғанына қарамастан, олар балаларын тәрбие­леуге және тиісті қамқорлық көрсе­туге міндетті болғанын әділеттілік үшін атап өткен жөн. Хаммурапи патшаның заңдарында (біздің дәуірімізге дейінгі 1793-1750 жылдары) денсаулық, ұзақ ғұмыр және балалар мүлік пен байлықтан жо­ға­ры қойылған. Баланы ұрлау және ауыс­­­тырып алу қатаң жазаланды, өйткені ежелгі Месопотамиде, егер бірнеше баласы болмаса, адам өмірі толық болып есептелмеген. ХІІ ғасырдағы Англияда ІІ Генрихтің Заңында некеден тыс бала көтерген кез келген қыз бұл жөнінде билік орындарына хабарлауы тиіс екені көзделді. Егер қыз бұлай жасамаса, бала өліп қалатын болса (қандай себеппен өлгеніне қарамастан), өлім жазасына кесілетін болған.

Адамзаттың баланың құқықтық мәрте­­бесін мойындау қозғалысы ұзақ және ілгерілемелі болды және әрбір жеке елде өзіндік серпінге ие еді. 1924 жылы Ұлт Лига­сы­ның Баланың құқықтары туралы Женева декларациясын қабылдауын осы процестегі елеулі жағдай деп ес­еп­теуге болады. Содан соң 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Бала құ­қықтары декларациясын қа­был­­дап, 1979 жыл «Халықаралық бала жылы» деп жарияланды және он жылдан соң ғана 1989 жылғы 20 қарашада Бас Ассамблеяның 44/75 қарарымен Баланың құқықтары туралы конвенция қабылданып, 1990 жылғы 2 қыркүйекте күшіне енді. Осы уақыт­қа дейін балалардың құқық­тарын қорғауды қамтамасыз ететін бір­қатар халықаралық заң­на­ма­лық құжаттар әзірленіп, қа­был­данды. Атап айтқанда, Адам құ­қық­тарының жалпыға бірдей деклара­ция­сы; Балалардың қорғанысы мен амандығына қатысты, әсіресе олардың ұлттық және халықаралық деңгейде асырап алуы кезіндегі әлеу­мет­тік және құқықтық принциптер туралы декларация; Балалар құқықтары туралы конвенция; БҰҰ Кәмелетке толмағандарға сот төрелігін орын­дау­ға қатысты минималды стандартты ережелер (Бейжің ережелері); Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық фактіні ратификация­лау туралы; Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу үшін БҰҰ жетекші принциптері (Эр-Риядта қабылданған жетекші принциптер); Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы конвенциясының факультативтік хаттамасы; Бала­лар­дың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты Баланың құқықтары туралы конвенциясының факультативтік хаттамасы және басқалар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *