Осыдан отыз жыл уақыт бұрын тәуелсіздігін жариялап, ата-бабамыздың аңсаған арманына қол жеткізген мемлекетіміз әлемдегі беделді және орнықты елге айнала білді. Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат еткен мемлекетіміз өз дамуының жолында «Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялық даму бағдарламаларын, Бес институционалды реформа мен Ұлт жоспары мен салалық мемлекеттік бағдарламаларды қабылдап жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, халықаралық аренада демократияны қолдап, бейбітшілікті қалайтын ел ретінде орнықтыра білді.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауынның 2-ші бағыты азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналып отыр.
Құқық дегенімізде әрбір азаматтың ойына елімізде қабылданған заңдар, нормативтік құқықтық актілермен қатар құқықтық мәдениет, құқықтық сана деген ұғымдардың келетіні анық. Осы ретте, құқықтық мәдениет дегеніміз қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуымен бірге жасайтын жалпы мәдениеттің бір түрі немесе адам баласының бойында қалыптасатын құқықтық сауаттылықтың көрініс табуымен айқындалатын, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін игілікті құндылықтарымыздың бірі.Құқықтық мәдениет негізінен құқықтық заң нормаларын түсініп білуден, оларды қоғамда қолдану, іс-тәжірибеде орынды пайдалана білу қағидалары арқылы қалыптасады.Еліміздің басты заңы Конституцияда айқын жазылғандай біздің еліміз өзін демократиялық, құқықтық мемлекет ретінде белгілеп, адамның құқықтары мен бостандықтарын алға қойып, оның қымбат қазына болып табылуы ретінде қарастырып, белгілейді. Ал, құқықтық мемлекеттерде азаматтардың құқықтарының, міндеттерінің және бостандықтарының қорғалуы ең біріншіден олардың құқықытық сауаттылық пен құқық бұзушылыққа жол бермеуі сана деңгейіне байланысты білдіріледі.Міне, бұл құқықтық мәдениет және заңи этика болып табылады.Әрбір азамат үшін қымбат қазына – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылса, оның қазыналылығын түсініп, бағалай білу, құқықытық сана мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылатыны айқын және біз оны терең түсінуіміз шарт.
Осы ретте, айта кететін жайт, мәселен қоғамдық, қызметтік орында, көпшілік алдында өрескел қылық көрсетіп, дауыс көтеріп, кейбір лауазымды тұлғалар қызметтік дәрежесін асыра пайдаланып, азаматтардың жеке басына қатысты құпия болып табылуы керек мәліметтерді жария етіп, абыройын төгіп, ар-намысына тиіп, іскерлік беделіне нұқсан келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзып тұрғанын есіне салып, дұрыс емес екендігін ескертіп айтқанымызда, есесіне дөрекі жауап алып, қайта өзімізге қарай өштендіріп, соңымызға түсіріп, өзім білемін деген жауап аламыз. Дәл осы жағдайды, қоғамдық және қызметтік орында орын алды деп есептелік, осыны көріп, естіп тұрған басқада қызметтес азаматтардың бірде-біреуі әлгі абыройды төгіп тұрған, жеке басқа қатысты мән-жайларды қызметтік орында орынсыз тілге тиек етіп тұрған тұлғаға үн қатпайды.Себебі, азаматтардың көпшілігі заңи нормаларды терең түсіне білмейді, қоғамдық құқықтық мәдениетті сақтау керек екендігінен хабарсыз екендігін аңғарамыз.Дегенмен, құқықытық мәдениет кез-келген азаматтың өмір сүру құндылығы ретінде дербес ішкі тәлім-тәрбиесінен көрініс бермей, жалпы мәдениеттің талап ететін қажеттілігі ретінде оны бойға дарыту мүмкін емес.
Осыған байланысты біздің мемлекетімізде әрдайым құқықтық мәдениетті заң талаптарын бұлжытпай орындап, құқық нормаларын қатаң қолдану арқылы ғана қалыптастырып жүзеге асыру бағыты қолданылады.Осы жерде айта кететін жайт, заңды білмеу және құқықытық сауатсыздық жауапкершіліктен босатпайтындығы қатаң ескертіледі.Бірақ, құқықтық сауатсыздық пен заң нормаларынан кез-келген азаматтың хабары жоқтығы мен құқықтық мәдениеттің болмауы дәлірек айтқанда оның негізін түсіне алмау екендігі көп ескеріле бермейді.Міне, осы жағдаяттардың негіз-салдары құқықтық мәдениетті қалыптастырып жетілдіру жұмыстарының реттелуіне шын мәнінде кедергі келтіретіні аян.Өйткені, бұл жерде адамдар бір-біріне адамгершілік, сыйластық қарым-қатынас қағидаларын ұстанып, түсіну, бір-біріне жанашырлық, қорғап-қолдау көрсетулері қажет еді.Осы жерде, көпшіліктің ішінен бір азамат шығып әлгі өрескел қылық көрсетіп тұрған тұлғаны жөнге саларлық ескерту жасағанда бұндай жағдайды келесі жолы қайталамас болар еді.
Өйткені, құқықтық мәденитті түсінбеу мен заңи сауатсыздық дәл осындай ұсақ құқық бұзушылықтан бастау алады.Қазіргі таңдағы демократияландыру үрдісі – белгілі бір мемлекеттік құзырлы органдар мен институттардың, ұйымдардың тарапынан жүргізілетін саяси немесе қоғамдық шаралар емес, әрбір азаматтың қоғамда өзінің құқығын білетін, азаматтық қоғам, демократиялы мемлекет қалыптастырудағы құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының қалыптасуына тікелей байланысты.