Түркістан облысындағы отбасылық дәстүрлер мен халқымыздың бала тәрбиесіндегі асыл мұраларын кезеңнен насихаттау жас ұрпақтың жаңа болмысын қалыптастыру болып табылады. Сол үшінде облысымыздың әрбір тұрғыны ана мен бала құқығына назар аудару керек. Түркістан облысында көп балалы аналар көп. Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған.
Айта кетейік, мемлекет тарапынан бала құқығын қорғауға да айрықша мән беріліп отыр. Жалпы елімізде Ана мен баланың құқығын қорғайтын орталықтар мен мекемелер көп. Алғаш рет осыдан 14 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанынан балалар құқығын қорғау жөніндегі Комитет құрылған болатын. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы кризистік орталықтар одағы» деп аталатын мекеме бар. Аталған мекеменің республиканың 11 өңірінде 18 ұйымы жұмыс істейді. Аталған одақтың міндеті – ана мен баланың құқығын қорғау. Яғни, ол жерде 150 номері арқылы балаларға көмек көрсетілсе, 1415 номері арқылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдерге қолдау білдіріледі. Сонымен қатар, адам саудасы қылмысының алдын алу үшін 11616 номеріндегі сенім телефондары жұмыс істейді. Осыдан он екі жыл бұрын республиканың барлық өңірінде балалар құқығын қорғайтын және оларға заңдық, психологиялық, ақпараттық тұрғыдан көмек көрсетіп, қолдау білдіретін Департамент құрылған болатын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы бала құқықтары жөніндегі тағайындалған уәкіл де ана мен баланың құқығын қорғауға атсалысып, оларға қызмет көрсетуге даяр. Отанымыздың ертеңі де, өркені де – бүгінгі ұрпақ. Сол ұрпақтың тәлімді де тәрбиелі болуы алдыңғы толқынның парызы мен қарызы десек, еш қателеспейміз. Ана денсаулығы – ұлт саулығы. Қоғам дамуында ана мен бала өмірі үлкен жауапкершілікті талап ететіні түсінікті жайт. Бүгінде ана мен бала денсаулығы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Ана мен баланы қорғау кез келген мемлекеттің ішкі саясатының басым бағыты ретінде қарастырылады. Сонымен қоса ана мен баланы қорғау – мемлекеттердің халықаралық ынтымақтастығының да өзекті саласы. Мемлекеттік саясаттың осы бағытының мән-маңызы және осы мәселеге халықаралық қауымдастықтың ерекше назары халықтың репродуктивті деңгейі, мемлекеттің еңбек, зияткерлік әлеуеті, жас ұрпақтың физикалық, рухани және адамгершілік дамуы, әйелдер мен балалардың денсаулығы, әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты екендігін көрсетеді.
Ана мен баланы қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігі құқықтық база мен іске асыру механизмдеріне келіп тіреледі. Бүгінгі таңда осы саланы тиімді реттеуге мүмкіндік беретін нормативтік-құқықтық база қалыптасқан. Тарихқа шегініс жасайтын болсақ, ана мен баланы қорғау саласындағы құқықтық база БҰҰ құрылғанға дейін де қалыптаса бастады. Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуымен бұл мәселеге айтарлықтай кең, жаһандық мән берілді. 1948 жылғы қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында «Ана мен бала ерекше қамқорлық пен көмек алуға құқылы» делінген. Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас конференциясы 1952 жылы ананы қорғау туралы Конвенцияны қабылдады. Ал 1959 жылы Бала құқықтары жөніндегі арнайы декларация қабылданды.
Ана мен бала құқығын қорғау – Қазақстан үшін қашанда аса маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы – адам екендігі Қонституцияда анық жазылған. Сонымен қатар, бұл тұрғыда мемлекет басшыларының жыл сайынғы Халыққа арнаған жолдауларында ана мен бала мәселесі назардан тыс қалған емес. Мәселен, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауда: – Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, заманға сай болуға, сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар.
Халқымыз «Қыздың жолы жіңішке» дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз,- деп атап көрсеткен.
Ал, келесі жолдауда «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі. Сондықтан олардың құқығы қорғалуы тиіс. Біздің жерімізде туылған әр сәби-қазақстандық. Және ол сәбиді мемлекет қамқорлығына алуға тиіс» деп аталған болатын.
Елімізде әлеуметтік көмекті қажет ететін ең өзекті әрі көкейтесті мәселелердің бірі ана мен баланы әлеуметтік тұрғыдан қорғау және денсаулықтарын жақсарту. Сондай-ақ ана мен бала өмірі әлем дамуының ең күрделі мәселесіне айналып отырғаны белгілі. Осы жағдайлардың алдын алмаудың салдарынан аналар мен балалар өлімі артып, өмір сүру ұзақтығы азайып, қатерлі инфекциялық түрлі ауруларға шалдығып,қоғамда жетім, мүгедек балалардың етек алғаны белгілі.