ТҮРКІСТАН: АНАЛАР ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ ЗАҢМЕН ІСКЕ АСУДА

 

Қазақстандағы әйелдерді кемсітудің кез-келген түрін жоюға бағытталған конвенцияны қабылдады. Бұл елдегі гендерлік теңдіктің сақталу заңдылықтарына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Тұрмысы төмен әйелдерге көмек көрсету жұмысына жалпы ұлттық «әйелдер кедейшілікке қарсы» акциясы ұйымдастырылды, акция барысында көмекке  аса зәру отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілді. Әйелдер денсаулығын жақсарту мақсатында облыстар мен қалаларда Біріккен Ұлттар Ұйымының халық саны қорының репродуктивті денсаулығын  сақтауға бағытталған жобасы жүзеге асырылды. Ана мен бала өлім-жітімінің Қазақстандағы ең жоғары байқалғандығынан Қазақстанда зәбір көрушілерге арналған дағдарыс орталықтары жүйесі жұмыс істей бастады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы бойынша әйелдерге заңды-психологиялық тұрғыда көмек беретін 20-дан астам дағдарыс орталығы бар. Бұл дағдарыс орталығында стационар жағдайында әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға, оның ішінде тұрмыстық зорлық – зомбылыққа әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған әйелдерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі ғаламдық сипатта және батыстың дамыған елдерінде ерекше әлеуметтік мәселе болып табылады, онда азаматтардың қоғамдық құқықтық нормалары әлеуметтік орталықтардың бақылауында. Қазақстанда жағдай өзгеше: адамдар көп жағдайда отбасындағы қақтығыстарды дәстүрлі түрде, атап айтқанда, гендерлік стереотиптерімен шешеді. Сонымен қатар, қазіргі кездегі халықтың әсіресе экономикалық деңгейі төмен сатыдағы отбасы мүшелеріне өздеріне деген сенімсіздік, қорқыныш сезімін тудырады, қарым-қатынаста жанжал туындатып, нәтижесінде маскүнемдік пен есірткіге салынып, әйел адамдар ер азамат тарапынан отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырап жатады.

Қорыта келгенде бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен нәзік жандарды қадірлеуді, отбасындағы зорлық – зомбылықтың алдын-алу үшін қыз баланы сыйлау, құрметтеу мақсатында гендерлік тәрбие бағдарламаларын мектептерге ендіру қажет. Ал дағдарыс орталықтарындағы әйелдердің өзіндік «Мен»-ін жоғарлату, оларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету және БАҚ арқылы орталықтардың бар екендігін насихаттау бүгінгі қоғамның кезек күттірмейтін мәселелері. Ана мен бала жағдайын жақсарту проблемаларының ішінде бұл жұмыстың деңгейі әсіресе әйелдердің өздерінің ұйымдастыруы арқылы жақсы нәтиже береді.

Әлеуметтік қолдау мен қорғауды  қажет ететін және қазіргі таңда көкейтесті  ең өзекті мәселелердің бірі- ана мен бала , олардың денсаулығы.Сондықтан елімізде ана мен балаға ерекше көңіл аударылуда. Аналар мен балаларға арналған көптеген емдеу орындарын, демалыс орындарын, зерттеу орталықтарын да тегін емделуге жағдайлар жасалуы қажет.

Ана мен баланың денсаулығын сақтау саласындағы жұмыстар негізінен мына бағыттарда жүргізіліп келеді:Ұрпақ өрбіту жасындағы әйелдердің денсаулығын сақтау ұлттық саясат деңгейінде жоспарлы түрде жүзеге асыру; Ана өмірінің қауіпсіздігін сақтауды, жобасын жоспарлауды, жаңа туған нәрестені бір жастан асқанша ана сүтімен қоректендіру алдын-ала жасалған бағдарламаға сәйкес жүзеге асыру.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *