
Шарт еркіндігі кәсіпкерлік құқықтың аса маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Бүл кез келген адам өз қалауы бойынша және сырттан мөжбүрлеусіз мыналарды атқаруға қүқылы екенін білдіреді:белгілі бір шартты жасасуға немесе жасаспауға;өзі шарт жасасуды қалайтын серіктесін таңцауға;шарттың түрін тандауға;шарттьщ шарттарын анықтауға.
Бұл арада шарттас серіктестің де осындай құқықтары болатынын ескеру керек. Сондықтан ерікті түрде және өзара қабыдданған келісім ғана шынайы кәсіпкерлік-құқықтық шарт ретінде танылуы мүмкін. Шарт жасаса отырып, оған қатысушылар өздеріне қабыл алған шектеулерді шарттың еркіндігі принципімен шатастыруға болмайды. Өзіне-өзі қоятын мүндай шектеулер міндетті болып шығады және олардан біржақты бас тартуға болмайды. Шарттар орындалуға тиісті.
Мысалы, әлде бір тауар сатушы, әдетте, сатын алушымен шарт жасасуға қүқылы, шарт жасасу үстіңде оның шарттарынен келісуге немесе келішеуге қүқылы. Сатушыны белгілі бір шешім қабылдауға ешкім де мәжбүрлей алмайды. Алайда шешім қабылданған болса және сатушы белгілі бір іпарттарды қоя отырып, шарт жасасса, оңда ол үшін бүл міңдетті болады да, ал алдағы уақытта шарттың еркшдііін сылтау етіп, оны орындаудан бас тартуға, оның шарттарын өзгертуге және т.с.с. қүқылы болмайды. АК-ның 401-бабыңца бұл туралы тікелей айтыпған.
Шарт еркіндігінщ заң жүзінде тыйым салу немесе құқықтық нормалардың императивтік үйғарымы түріндегі тағы бір шекарасы болады.
Егер занда әлде бір іс-әрекеттерді (мысалы, қару-жарақты немесе есірткі заттарды) жасауға тыйым салынған болса, екі тарап та оған келісімін берген жағдайдың өзінде, мүндай іс-өрекеттерді оның шарттары ретінде шарттың мөтініне ешізуге болмайды. Мүңцай мөтіні бар шарттар АК-ның 158-бабы бойынша жарамсыз деп танылуы тиіс.
Кәсіпкерлік заңдардың кейбір нормаларының императивтік (тегеурінді) сипатта болатыны, яғни міндетті түрде қолданылуға тиіс екені белгілі. Олардың арасында едәуір елсіз тарапты қорғау, монополизмді шектеу, теріс пиғыдды бөсекемен күрес жүргізу, түтынушыларды қорғау үшін жене т.с.с. шарттың еркіндігін шектейтін нормалар болуы да мүмкін. Шарттардың осындай түрлері үшін императикгік заң акгілерінде көзделген жағдайлар тараптардың өз шартының мәтініне бүл жағдайларды енгізген-енгізбегеніне қарамастан, осы түрдің өрбір нақты шартының мазмүнына міндетті түрде кіреді.
Олардың зандарда көзделгеніне немесе көзделмегеніне қарамастан, шарттың еркіндігі мазмүны алуан түрлі кез келген шарттарды жасасу мүмкіндігін береді. Мазмүны бірнеше шарттардың элементтерін қамтитын шарттар да болуы мүмкін . Шарттардың барлық жағдайлары зандарда белгіленген тыйым салулар мен шектеулерді бүзбаса болғаны.
Жария мүдделерді қорғаудың қажеттігі де шарттың еркіндігі принципін қолдану шегіне түзету енгізеді: валюта операцияларының бақылауда болуы, жария шарттарды жасаудан бас тартуға тыйым салу немесе әр түрлі клиенттер үшін олардың жағдайларын тең анықтамау, кейбір қызмет түрлерін лицензиялау.
Егер түтынушылардың мүдделері өте жиі өрескел бүзылатын болса, оңца оның кінәсы — заңи қорғау құралдарының жоқтығы емес, қайта олардың өмірде жеткіліксіз қодданылуында.
Несие берушілердщ құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау принщшін толық негізде кәсіпкерлік құқық принциптеріне жатқызуға болады. Несие беруші — кез келген кәсіпкерлік міндеттемелердің қажетті тұлғасы және, әдетте, ол бүзылатын жағдайда жөбірленуші тарап болады. Несие берушінің мүдделерін және оның мүдделерін қорғауды елемеу сөзсіз кәсіпкерлік-құқықтық айналымның өлсіреуіне әкеп соғады, ейткені міңдеттеме алу жөне оны тиісінше орындау жөніндегі бастамашыл тілегі түншықтырынады.
Несие берушіні қорғау ең аддымен борышқорға орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттемелердің барлық қолайсыз зардаптарын жүктеуден, несие берушіні міндеттеменің кездейсоқ орындалмауы жене несие беруші алдындағы өзінің міндеттерін бүзған борышқордың кінәсын дөледдеу ауыртпалыгынан кең таралған босату тәжірибесінен көрінеді. Несие берушінің мүдделерін қорғау ақшалай міндеттеменің бүзылуы кезінде ерекше айқын байқалады. Мұндай қорғау үшін АК ақшалай міндеттемесін мерзімінде орыңдамаған борышкердің жауапкершілігін ақшаны қайтаруды кешіктірген өрбір күн үшін түрақсыздық айыпақы өңдіріп алу түрінде белгілейді (353-бап). Шаруашылық серіктестік жарғылық капиталын азайтатын жағдайда несие берушілер серіктестіктің мерзімінен бүрын тоқтатылуын немесе тиісті міндеттемелерін орындауын талап етуге қүқыны (АК-ның 59бабы). Несие беруші міндеттемені, оның үстіне, ортақ жауапкершілікпен қосылған міндеттемені тоқтату жөніндегі талапты олар қайта құрылатын жағдайда қоя алады (АК-ның 48-бабы), міңдеттемедегі борышқорды ауыстыру несие берушінің келісімімен жасалады (АК-ның 348-бабы).
Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастарды, сондай-ақ мемлекет пен қоғамның мүдделерін қаматамасыз ету мақсатында шаруашылық етуді мемлекеттік реттеу бойынша қатынастарды реттейтін құқық саласы ретінде нормалардың жиынтығын құрайды.
Кәсіпкерлік құқықтың пәні болып тікелей табыс табуға бағытталған осы құқық саласымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады.
