
Ерекше қадағалау аясында тергеу барысын қадағалау үшін міндетті түрде процесс прокуроры айқындалады. Ол қылмыстық қудалау органының әрбір іс-әрекеті мен процестік шешіміне тұрақты қадағалауды, кәмелетке толмағанның жеке өміріне қол сұғылмау құқығын және қауіпсіздік шараларын қолдануды қамтамасыз етеді, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл арқылы кәмелетке толмағандардың тұрғылықты жерін және оқу орнын ауыстыру, медициналық және психологиялық көмек көрсету мүмкіндігін қарастырады.
Төртіншіден, Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты жолдауында кылмыстық істер бойынша прокурорлардың айыптау актілерін дайындау құзыретін кезең-кезеңімен кеңейту тапсырылды.
2022 жылдан бері прокурорлар барлық аса ауыр қылмыстар бойынша айыптау актісін өздері жасауға кірісті. Мысалы, Түркістан қаласының прокуратурасы биыл 4 аса ауыр қылмыстық іс (адам өлтіру – 2, есірткі сату – 1, жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекет – 1) бойынша айыптау актісін әзірлеп, сотқа жолдады.
Келесі кезеңдерде прокурорлар 2023 жылдан бастап барлық сыбайлас жемқорлық, ал 2024 жылдан бастап қалған қылмыстық істер бойынша да айыптау актісін өздері әзірлейді. Бұл тәсіл прокурорлардың айғақтарға тәуелсіз баға беру механизмін, адамды айыптап сотқа жолдағаны үшін жауапкершілігін күшейтті.
Бесіншіден, Президенттің 2022 жылғы 16 наурыздағы “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты жолдауында жарияланған конституциялық реформа аясында да прокуратураға қатысты маңызды бастамалар айтылды.
Заң тәртібін күшейту және құқық қорғау қызметін ұдайы жетілдіру үшін «Прокуратура туралы» конституциялық заң қабылдау қажет екені атап өтілді.Тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды институционалды түрде нығайту мақсатында Бас Прокурорды азаматтар және Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен бірге Конституциялық сотқа өтініш субъектілері қатарына қосу ұсынылды. Азаптауға байланысты қылмыстарды тергеу ісінде жүйелі ұстаным болуының маңыздылығын ескере мұндай істер бойынша прокуратура органдарының айрықша тергеулігін белгілеу көзделді. Бұл тергеудің бейтарап жүргізілуін қамтамасыз етіп, құқық қорғау саласындағы бассыздықты жазасыз қалдырмауға бағытталған.
Өткен республикалық референдумда Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар мақұлданды. Енді тиісті заң жобалары жыл соңына дейін қабылдануы тиіс.
Қазіргі заманғы сын-қатерлер прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуді және жоғары қадағалау функциясын жаңғыртуды, прокурорлар қызметінің кепілдіктерін нығайтуды талап етеді.
Сондықтан «Прокуратура туралы» конституциялық заңда заңдылықты сақтауды неғұрлым тиімді қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, бизнестің, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге мүмкіндік беретін пәрменді құралдар мен тетіктерді бекіту жоспарланып жатыр.
Қорыта айтқанда «керек кеңес» айдарымен осы тектес Түркістан облысының тұрғындарына арналған үгіт-насихаттық жұмыстарымыз өз жалғасын таба бермек.
