
Ендеше, Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Мадияр Ташевтің талап қоюды қамтамасыз ету шаралар туралы түсіндірмесін айтап өтсек. Олар:
1) жауапкерге тиесілі және оның өзіндегі немесе басқа да тұлғалардағы мүлікке тыйым салу, кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттық әдісімен болуы мүмкін;
2) жауапкерге белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салу;
3) басқа тұлғалардың орындау мерзімі жеткен міндеттемелер бойынша мүлікті жауапкерге беруіне немесе заңда, шартта көзделген өзге де міндеттемелерді жауапкерге қатысты орындауына тыйым салу;
4) мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қою берілген жағдайда мүлікті өткізуді тоқтата тұру;
5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауланып отырған құқықтық актісінің қолданысын тоқтата тұру;
6) борышкер сот тәртібімен даулайтын атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуды тоқтата тұру;
7) кепіл нысанын соттан тыс сату жөніндегі сауда-саттықтарды тоқтата тұру;
8) дауланып отырған актілерді және сот орындаушысының өндіріп алуды мүлікке айналдыруға байланысты атқарушылық іс жүргізуде жасайтын әрекеттерін тоқтата тұру болуы мүмкін. Қажетті жағдайларда сот осы кодекстің 155-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарға сай келетін, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі өзге де шараларды қабылдауы мүмкін. Осы бапта көрсетілген тыйым салулар бұзылған кезде кінәлі адамдар заңда көрсетілген ретпен жауапты болады. Бұдан басқа, талап қоюшы талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды орындамаудан келтірілген залалдарды осы адамдардан сот тәртібімен өндіруді талап етуге құқылы. Талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талап қоюшының мәлімдеген талабына сай болуға және үшінші тұлғалардың жария мүдделері мен өзге де мүдделерін бұзбауға тиіс.
