ТҮРКІСТАН: ЗАҢДЫ ҚОЛДАНУ — ӨЗ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ ҚОРҒАУ — 2

Біз өз Отанымызды, елімізді, жерімізді сүйе білетін, нағыз ұлтжанды тұлға болу үшін мемлекетіміз және оның органдарының құрылымын, атқаратын қызметтерін білу, және мемлекет өзінің алдына қандай мақсаттар мен міндеттер қоятынын, кімге қалай қызмет ететінін нақты түсінуіміз қажет.

Ол үшін еліміздің Конституциясын, оған негіздеп шығарылған заңдарды оқып, түсіне білумен қатар, заңдарды құрметтеп, оны орындай білуіміз қажет. Өйткені осы заңдарда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жарияланып қана қоймай, сол құқықтар мен бостандықтарды қорғаудың, пайдаланудың жолдары мен тәсілдері де қарастырылған. Заңдарды қабылдап шығарғандағы мақсат – қоғамда құқықтық тәртіп орнату, адамдардың өмір сүруіне, оқуына, жұмысына, демалысына, қауіпсіздігіне қалыпты жағдай туғызу екендігін ұғыну керек.

Сондай- ақ адамдар басқалармен қарым- қатынасын құқықтық негізде құра алатын, өздерінің құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда азаматтар заңды мүдделерін қорғай алатын, өздерін қорғау жөнінде мемлекеттік органдарға өтініш білдіре алатын болу үшін мүмкіндік туғызу. Сондықтан заң ережелерін оқып үйрену, білу, игеру және бұлжытпай орындау әрбір адам үшін маңызды қажеттілік болып табылады.

– Құқық дегеніміз не? деген сұраққа сауал іздеп көрсек:

Құқық дегеніміз – адамдардың тәртібін, олардың арасындағы маңызды қатынастарды реттейтін, оның орындалуын мемлекет қадағалап отыратын жалпы білімділік нормалар жүйесі.

Құқықтық жүйенің мақсаты – мемлекеттік құрылысты, қалыптасқан экономикалық қатынастарды, мемлекеттік және жеке меншікті қорғау болып табылады.

Сөйтіп құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттік құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады.

Адамның жеке басының өмірі, бас бостандығы, қадір-қасиеті ешкімге де қол сұғылмайтын құқығы. Адамның қол сұғылмайтын құқығын Конституция қорғайды. «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтын жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» (ҚР-ның Конституциясы 17-бап)

Заң — адамның жанын қинайтын, адамшылық қасиетін қорлайтын, жеке басына тіл тигізетін, күш көрсететін қимылдар жасауға үзілді-кесілді тыйым салады. Мысалы: Азаматтың келісімінсіз оның сыртынан мәлімет жинауға, оны таратуға немесе сақтауға болмайды. Ол үшін ол адамның тек келісімі ғана керек емес, оның үстіне мұндай мәліметтің қалай сақталуын және пайдалану тәртібін білу қажет болады. Адам тек заң бойынша жауапқа тартылар болса ғана ол туралы мәліметті тәртіп сақтау органдары заңда көрсетілген ережелер бойынша жинақтай алады.

Азаматтың өзі кім болса да, қандай қызмет атқарса да, мемлекетке, оның органдарына, басқа да адамдардың заңды мүдделеріне зиян келтіруге қақысы жоқ. Сондықтан әрбір азамат заңдарды біліп қана қоймай, заңды орындау тәртібі мен өзіне жүктелетін міндеттерді де жете түсінуі керек.

Адам құқықтарын қорғау механизмі – бұл адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі. Жалпы адам құқықтарын қорғау механизимінің мақсаты болып, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз  ету  табылады.   Құқықтық   реттеу механизмі заңдық құралдардың жүйесі, олардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге асырылады, құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады. Құқықтық реттеу механизмі элементтерінің құрамына құқықтық норма, құқықтық қатынастар, жеке құқықтық актілер, құқықтық тəртіп пен құқықтық сана кіреді.

Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан əлеуметтік норма əр уақытта даму процесінде болады. Əлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын  əлеуметтік  норма да дамып, нығайып жақсарады, оның əділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді.

Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, байрақатты тұрмыс кешуіне жағдайды қалыптастыру – əлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған мақсаты. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, əлеуметтік жəне саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.

Мақаланың өзектілігіне, əркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылу құқығы жəне өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тəсiлмен қорғауға жатады. Адам құқықтарының ерекше құқықтар ретiнде қабылдануы  үшiн  бiздiң  бiрiншi  ұсынысымыз– əр  түрлi  мəдениеттегi  қоғамдарда  танылқан «адам құқықтары» деген сөз тiркесiнiң барлық қоғамда, еш өзгерiссiз, əмбебап адам құқықтары ретiнде қабылдануы, бiрақ қоғамдағы құқық саласында қолданылып жүрген терминдердi түсiндiру.

Халықаралық құжаттарда жəне қазақстандық заңдарда мынадай  екі  ұғым  қолданылады: «адам  құқығы»  жəне   «адам   бостандығы». Заң тұрғысынан адам құқығы мен адам бостандығының  бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Дегенмен, белгілі бір өзгешеліктері бар. Мұны осы екі ұғымның анықтамаларын салыстыра отырып байқауға болады.

Адам бостандығы – бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары. Ол тек құқықтық нормалар арқылы солардың шеңберінде адамның өз қалауы бойынша іс-əрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа тұлғалардың араласуынан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *