Трамп Зеленскийді Қырым мен НАТО-дан бас тартуға шақырды

 

АҚШ президентінің пайымынша, тек сонда ғана соғысты тоқтатуға болады.

Украина президенті Зеленский өзі қаласа Ресеймен соғысты бірден тоқтата алады немесе жалғастыра береді. Бәрі қалай басталғанын естеріңізге түсіріңіздерші. Қайтадан Қырымды қайтару жоқ. Ол Обама кезінде (12 жыл бұрын, бір оқ атылмастан!) берілді. Сондай-ақ Украина үшін НАТО-ға кіру жоқ. Кейбір дүниелер ешқашан өзгермейді, — деп жазды Трамп.

Бүгін Ақ үй басшысы Украина президентімен кездеседі. Зеленскиймен бірге Еуроодақ елдерінің басшылары және НАТО-ның бас хатшысы барады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *