Украина басшысы ресейлік әріптесімен Австрия, Швейцария немесе Түркия секілді бейтарап елдерде ғана келіссөз жүргізуге дайын. Ол Мәскеу мен Будапешттің кездесу алаңы бола алмайтынын да баса айтты.
«Будапештті кездесу алаңы ретінде қарастыруға келсек, меніңше, қазір бұл оңай емес. Еуропа елдері соғыс кезінде Украинаға қолдау көрсетіп келеді. Шынын айту керек, Будапешттен ондай қолдау болмады. Мен Орбанның саясаты Украинаға қарсы деп айтып тұрғаным жоқ, бірақ та бұл саясат Украинаға көмек көрсетуге қарсы еді», – деді Украина президенті Владимир Зеленский.
