«TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS» ӨТЕДІ

14 қыркүйек күні Түркістан қаласындағы жаңа есу арнасының ашылу салтанатына орай ауқымды мәдени-спорттық шара – «TURKISTAN WATER FEST & SKY LIGHTS» фестивалі өтеді.
Іс-шара аясында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған түрлі бағдарламалар ұсынылады:
• ойындар алаңы
• балаларға арналған арнайы алаң
• спорттық жарыстар
• әуе шарлары
• фонтан шоу
• лазерлік шоу
• от шоу
Сонымен қатар, фестиваль бағдарламасында «Taiqazan GastroFest» аясында түрлі ұлттық және әлемдік тағамдар ұсынылып, қонақтар ерекше гастрономиялық саяхатқа аттанады.
Шараның басты ерекшеліктерінің бірі – жасырын қонақ ретінде әлемдік деңгейдегі жұлдыздың арнайы келуі.
Барша қала тұрғындары мен қонақтарын ашық аспан астында өтетін бұл мерекелік шараға белсенді қатысуға шақырамыз!
📍Өтетін орны: Түркістан қаласы, Есу арнасы
📅 Уақыты: 14 қыркүйек 2025 жыл
Қосымша ақпарат пен жаңалықтар үшін @taiqazan.fest парақшасына жазылыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *