ТҮРКІСТАН: САУРАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ДОЙБЫДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен 2–11-сынып оқушылары арасында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақ спорт түрлерінен республикалық олимпиада өтті. Аталған сайыстарда Түркістан облысының намысын қорғаған Сауран ауданының командасы дойбы сайысында жүлделі І орынды иеленіп, өңір мерейін асқақтатты.
Жас спортшыларды жарысқа топ жетекшісі, №3 мектеп директоры Нұрлан Кәдіров, сондай-ақ жаттықтырушылары – Қадырхан Айтілеуов, Арман Құлмырза, №3 мектептің спорт нұсқаушысы Шоқан Муталиф және әдіскер Диля Пірметова бастап барып, лайықты дайындық жүргізді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *