ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЗЮДОШЫ ИСЛАМ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОЙЫНДАРЫНДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі, түркістандық балуан Айдар Арапов Сауд Арабияның астанасы Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды. 90 келі салмақта белдескен қазақстандық балуан қола жүлде үшін өткен кездесуде тәжікстандық Мухамеджон Абдужалилзададан басым түскен. Жалпықазақстандық балуандар Ислам ынтымақтастық ойындарында 3 күміс, 2 қола медальға ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *