Отырар ауданында күзгі көшет отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Темір елді мекенінде өткен тазалық шарасына аудан әкімінің міндетін атқарушы Қыдырбай Сейітқұл қатысып, ауыл тұрғындарымен бірге ағаш екті.
Қоғамдық іс-шара барысында 3800 түп көшет егілді. Атап айтқанда, қара ағаш –500 түп, жиде – 1350 түп, үйеңкі – 1800 түп, шаған – 150 түп. Жалпы аудан бойынша 2025 жылдың күзгі маусымында барлығы 27 500 түп көшет отырғызу жоспарланса, бүгінгі таңда 26500 түп көшет егілген. Көшет егу жұмыстары аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерде ұйымдастырылуда. Бұл игі бастама табиғатты қорғау, жасыл белдеуді ұлғайту және болашақ ұрпаққа экологиялық таза орта қалыптастыруға бағытталған.
