Шарт еркіндігі кәсіпкерлік құқықтың аса маңызды принциптерінің бірі болып табылады. Бұл кез келген адам өз қалауы бойынша және сырттан мәжбүрлеусіз мыналарды атқаруға қүқылы екенін білдіреді: белгілі бір шартты жасасуға немесе жасаспауға; өзі шарт жасасуды қалайтын серіктесін таңцауға; шарттың түрін тандауға; шарттьщ шарттарын анықтауға.
Бұл арада шарттас серіктестің де осындай құқықтары болатынын ескеру керек. Сондықтан ерікті түрде және өзара қабыдданған келісім ғана шынайы кәсіпкерлік-құқықтық шарт ретінде танылуы мүмкін. Шарт жасаса отырып, оған қатысушылар өздеріне қабыл алған шектеулерді шарттың еркіндігі принципімен шатастыруға болмайды. Өзіне-өзі қоятын мүндай шектеулер міндетті болып шығады және олардан біржақты бас тартуға болмайды. Шарттар орындалуға тиісті. Мысалы, әлде бір тауар сатушы, әдетте, сатын алушымен шарт жасасуға қүқылы, шарт жасасу үстіңде оның шарттарынен келісуге немесе келішеуге қүқылы. Сатушыны белгілі бір шешім қабылдауға ешкім де мәжбүрлей алмайды. Алайда шешім қабылданған болса және сатушы белгілі бір іпарттарды қоя отырып, шарт жасасса, оңда ол үшін бүл міңдетті болады да, ал алдағы уақытта шарттың еркшдііін сылтау етіп, оны орындаудан бас тартуға, оның шарттарын өзгертуге және т.с.с. қүқылы болмайды. АК-ның 401-бабыңца бұл туралы тікелей айтыпған. Шарт еркіндігін заң жүзінде тыйым салу немесе құқықтық нормалардың императивтік үйғарымы түріндегі тағы бір шекарасы болады.
Егер занда әлде бір іс-әрекеттерді (мысалы, қару-жарақты немесе есірткі заттарды) жасауға тыйым салынған болса, екі тарап та оған келісімін берген жағдайдың өзінде, мүндай іс-өрекеттерді оның шарттары ретінде шарттың мөтініне ешізуге болмайды. Мүңцай мөтіні бар шарттар АК-ның 158-бабы бойынша жарамсыз деп танылуы тиіс.
Кәсіпкерлік заңдардың кейбір нормаларының императивтік (тегеурінді) сипатта болатыны, яғни міндетті түрде қолданылуға тиіс екені белгілі. Олардың арасында едәуір елсіз тарапты қорғау, монополизмді шектеу, теріс пиғыдды бөсекемен күрес жүргізу, түтынушыларды қорғау үшін жене т.с.с. шарттың еркіндігін шектейтін нормалар болуы да мүмкін. Шарттардың осындай түрлері үшін императикгік заң акгілерінде көзделген жағдайлар тараптардың өз шартының мәтініне бүл жағдайларды енгізген-енгізбегеніне қарамастан, осы түрдің өрбір нақты шартының мазмүнына міндетті түрде кіреді.
Олардың зандарда көзделгеніне немесе көзделмегеніне қарамастан, шарттың еркіндігі мазмүны алуан түрлі кез келген шарттарды жасасу мүмкіндігін береді. Мазмүны бірнеше шарттардың элементтерін қамтитын шарттар да болуы мүмкін . Шарттардың барлық жағдайлары зандарда белгіленген тыйым салулар мен шектеулерді бүзбаса болғаны.
Жария мүдделерді қорғаудың қажеттігі де шарттың еркіндігі принципін қолдану шегіне түзету енгізеді: валюта операцияларының бақылауда болуы, жария шарттарды жасаудан бас тартуға тыйым салу немесе әр түрлі клиенттер үшін олардың жағдайларын тең анықтамау, кейбір қызмет түрлерін лицензиялау.
Шарттың қатысушысын іріктеп алу немесе конкурстық төртіппен шарттың жағдайларын анықтау жөніндегі заң талаптары да шарттың еркіндігіне ықпал етеді. Бүл тертіп көп ретте тауарларды сату, жүмыстарды орывдау немесе мемлекет мүдделері үшін қызмет көрсету жөніндегі шарттар үшін орындаушыны іріктеуде қолданылады. Мүндай жағдайларда конкурстың шарттарына сәшсес оның жеңімпазымен шарт жасалады.
Әркімнің жеке ісі мен өміріне араласуға жол берілмейтіндігін кәсіпкерлік зандардың келесі принципі деп атауға болады. Бүл принцип кәсіпкерлік құқықтық қатынастарға олардың қандай өзіндік мүліктік немесе мүліктік емес сипат атқаратынына қарай таралады. Бүрынғы қолданылып келген Кәсіпкерлік кодексте ол (принцип) жеткіліксіз сипатталды, абырой мен ар-намысты, жеке жазбалардың, күнделіктер мен жазысқан хаттардың қүпиялылығын қоргауға ғана қатысты болды. Қазақстанның қазіргі қолданыстағы кәсіпкерлік қүқығында бүл принцип айтарлықтай дамытылды.
Әркімнің жеке ісіне еріксіз араласуға жол берілмейтіндігі билік пен басқару органдарына, ата-аналарға, қызмет басшыларына және басқа адамдарға өрекетке қабілетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың өз мүлікгеріне билік жүргізуіне, тапқан пайдаларын бөлуіне, табыстарын пайдалануына ықпал етуге тыйым салуды біддіреді. Егер мүндай талаптар занда белгіленбеген болса, өлде кімнің рүқсатын алудың, келісім, ақпарат беруін талап етудің қажеті жоқ. Жеке басының, отбасының және коммерцияның қүпиясын құрайтын мөліметтерді беруді талап етуге тыйым салынады. Әркімнің жеке ісіне араласуға жол берілмейтіңдігі сондай-ақ басқаның жеке өміріне, басқаның қарым-қатынастарына басын кіруге тыйым салуды білдіреді.
