ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 11 БАЛАСЫ БАР ОТБАСЫНЫҢ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ БАСПАНАСЫ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ

Төлеби ауданының Көксәйек елді мекенінде 11 баласы бар отбасының апатты жағдайдағы баспанасы толық жөндеуден өтті. Сауапты іске «Ауыл» партиясының Түркістан облыстық филиалының ұйытқы болған. Отбасының жай-күйімен танысуға облыстық мәслихат депутаты Төрегелді Қалмұратов пен аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев арнайы барып, аталған жобаның әлеуметтік қолдау шаралары аясында жүзеге асқанын атап өтті.
Жөндеу жұмыстары аясында үйдің шатыры мен едені толық ауыстырылып, қабырғалары жөнделді. Терезелері жаңартылып, электр желілері ретке келтірілді. Сондай-ақ, баспана қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілді. Аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсеткен жомарт азаматтарға аудан әкімдігі атынан алғысын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *