ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ «ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫСЫ» АТАНҒАН ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЙБАРЫС

      Түркістан облысы Түркістан қаласының тумасы жас футболшы Бейбарыс Сұлтанбекұлы халықаралық турнирде өнер көрсетіп, «Ең үздік шабуылшы» атанып ел мерейін асқақтатып отыр.
 Осыған орай Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков түркістандық жас футболшы Бейбарыс Сұлтанбекұлын қабылдады.
Футболдан Грецияның Афина қаласында өткен халықаралық турнирде Бейбарыс «Тұран» командасының санында ойнап, «ең үздік шабуылшы» атағының алған болатын.
Франция, Сербия, Албания, Украина сынды мемлекеттер қатысқан бәйгеде команда капитаны Бейбарыс Сұлтанбекұлы 14 гол соғып, алтыншы орынға жайғасты.
Оған дейін жас спортшы футболдан Қазақстан чемпионатында күміс жүлде, республикалық турнирлерде жеңімпаз атанып келген.
Футболшысы арнайы қабылдаған Байдулла Жұмадуллаұлы шаһар басшысының арнайы алғыс хаты мен сыйлықтарын табыстады.
Спортшыға ізгі тілегін айтып, алдағы жарыстарда биіктерден көрінетініне сенімін білдірді.
Сонымен бірге, команда жаттықтырушысы Марат Хожаахметұлының ұсыныс тілектерін тыңдап, қала спортының дамуында атқарған еңбектері үшін марапаттады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған