ТҮРКІСТАН КӨШЕЛЕРІН ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Бұл туралы Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков 9 айдың қорытындысы бойынша өткен брифингте мәлім етті.
Қала әкімінің мәлімдеуінше, шаһарда былтыр 269 көше жарықтандырылған. Ал, 2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесімен қала аумағындағы жарықтандырылған көшелер үлесі 55,4% құрап, жалпы 485 көше жарықтандырылған.
– Келесі жылы қаламыздың жарықтандыру жүйесімен қамтылған көшелер үлесін 82%-ға өсіріп, жарықтандырылған көшелер санын 757 көшеге жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап қала ішінде экологиялық стандарттарға сәйкес 78 жаңа автобус алынып, нәтижесінде қаладағы қоғамдық көліктердің 34% жаңаланды. Оның ішінде 40 қоғамдық көлік «ТехПрофАвто» ЖШС-дан, 38 көлік «Жолаушы» ЖШС есебінен алынды. Жыл соңына дейін қосымша 46 автобус алу жоспарлануда, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.
Жалпы, жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қала ішінде жалпы 21 бағытта 220 қоғамдық көлік қатынайды. Аталған көліктердің 78 сыйымдылығы жоғары автобустар жақсы жағдайда болса, қалған 142-сі шағын автобустар қанағаттанарлық жағдайда өз қызметін атқаруда.
Қазіргі таңда электронды билеттендіру жүйесі көлік компаниялардың жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, қолма-қол ақша айналымын азайтып, бизнестің көлеңкеден шығуына мүмкіндік беруде. Сонымен қатар, қоғамдық көліктерге «Алем Рау» электронды билеттендіру жүйесі енгізілген.
Әкімнің баяндауынша, 2022 жылдың қорытындысына сәйкес, қалада жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 37,4%-дан 40,3% артқан. Оның ішінде асфальт жол 340,9 шақырымды құраса, тас жол 471 шақырымды, топырақ жол 33,1 шақырымды құрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған