Бейсембаев Бақытжан Жармаханұлы 1961 жылдың 10 ақпанында Tүpкістан қаласының тұрғыны. Түркістан қаласының дамуына сүбелі үлес қосқан, құрметті азамат. 1978 жылы орта мектепті бітіріп, тамыз айында Қарағанды қаласындағы политехникалық институтқа оқуға түсіп, оны 1983 жылдың маусым айында «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітіріп, инженер-құрылысшы бiлiктілiгiн алған.
Еңбек жолын 1983 жылдың тамызында Алматы облысы, Іле ауданы Первомайка ауылында орналасқан «Алма-Атасельстрой-6» трестіне қарасты ПМК-612 мекемесінде өндірістік-техникалық бөлімінің инженері болып бастап, 1983 жылдың қарашасы мен 1985 жылдың мамыр айының аралығында КСРО әскері қатарында әскери борышын өтеген.
1986 жылдың cәyipінен бастап Түркістан аудандық ішкі icтеp бөлімінің мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау инспекторы, 1992 жылдың тамызынан Түркістан аудандық ішкі icтеp бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар ici жөніндегі бөлімшесінің инспекторы, 1993 жылдың тамызынан Түркістан аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік аға инспекторы, 1994 жылдың ақпанынан Түркістан аудандық iшкi icтep бөлімінің штаб бастығы, бөлім бастығының орынбасары, 1997 жылдың шілдесінен Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының штаб бастығы, 2006 жылдың ақпанына дейін сол басқарма-да кәмелетке жасы толмағандар ici жөніндегi бөлім бастығы болып қызметтерін атқарып, еңбек өтілінің және жасының толуына байланысты зейнеткерлікке шыққан. Қызмет етe жүpiп, 1992 жылы Қарағанды жоғары милиция мектебіне оқуға түciп, оны 1996 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітіріп, заңгер біліктілігін алған.
2006 жылдың қарашасынан Шымкент қаласында «Қарызгерлермен жұмыс бюросы» жауапкершілігі шектеулі cepіктeстігінің инспекторы, ал 2007 жылдың қазанынан Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжінде оқытушы болып жұмыс істеген. Б.Бейсембаев 2011 жылдың қазан айынан кәсіби медиатор болып істейді және «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігін басқарады. Заң талаптарына сәйкес тараптар арасындағы дауларды бітімгершілік жолмен шешу, елдің бірлігі мен ынтымағын сақтау бағытында да ол өз жұмысын жүйелі түрде жүргізе отырып, қала және облыс көлемінде медиацияның дамуына үлкен үлес қосып келеді. Бақытжан аға кәсіби медиатор ретінде жыл сайын облыс көлемінде азаматтардың арасында құқықтық қатынастардан туындайтын үш жүзге жуық дау-дамайды медиация тәртібін қолдану арқылы шешіп келеді.
Б.Бейсембаев қала көлемінде қоғамның белсенді азаматы ретінде өзін жақсы қырынан көрсетіп келеді. Қазақстан Республикасы «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан қалалық филиалының белсенді мүшесі және ішкі істер органдарының ардагері бола отырып, жастарды қазақстандық патриотизмге, адал болуға, қызметтік және азаматтық борышын үлгілі орындауға тәрбиелеу, оларға тәлімгер ретінде өзінің кәсіби және өмірлік тәжірибесін үйрету бойынша, сонымен қатар ардагерлердің тұрмыстық жағдайларымен таныса отырып, оларға әрдайым қолынан келген көмегін беріп, аталған ардагерлер ұйымының жұмысына елеулі үлес қосып келеді.
Бақытжан Бейсембаев Түркістан қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі болып қатарынан екі рет сайланып, қаламыздың стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын, бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғайтын құқықтық актілер жобаларын, бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау барысында белсенділігін танытып келеді. Сонымен қатар, Бақытжан аға Түркістан қалалық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар жөніндегі қоғамдық кеңестің» мүшесі ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытында да өзінің біліктілігін көрсетуде. Бәкең тарапынан атқарылып жатқан қоғамдық және медиация бағытындағы жұмыстар жайлы мәліметтер әрдайым облыстық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланып тұрады. Оның елі үшін жасаған елеулі еңбектері мен қоғамдық ұйымның ісін жағдандырудағы абыройлы істері ескерусіз қалып жатқан жоқ.
Еңбектегі және қоғамдағы белсенділігі, жемісті қызметі мен қабілеті, қаланы экономикалық және әлеуметтік дамытудағы қосқан күш-жігері, өскелең ұрпақты қазақстандық, отансүйгіштік пен этностар арасындағы достықты нығайту рухында тәрбиелеуге қосқан үлестері жоғары бағаланып, ол 2000 жылы Түркістан қаласының «Жыл адамы» атағы және атаулы қол сағатымен, 2018 жылы «Жомарт жүрек» конкурсының «Жыл тұлғасы» номинациясы бойынша алдымен Түркістан қаласының, одан кейін Түркістан облысының жеңімпазы жүлдесімен, ҚР ІІМ «Үздік қызметі үшін», Түркістан қаласының «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерімен, ҚР ІІМ «Құрметті ардагері», «ҚР мәслихаттарына – 25 жыл», «Қазақстан Констиуциясына – 25 жыл» медальдарымен және бірқатар мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың естелік медальдарымен, Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталған. 2020 жылдың 11 қараша күні Түркістан облысы бойынша Үкіметтік емес ұйымдардың IX Форумында ол басқарып отырған «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің жұмысы нәтижелі деп танылып, бірлестік басшысы Бақытжан Бейсембаевқа Түркістан облысы әкімінің Алғыс хаты мен 100000 (жүз мың) теңгенің сертификаты табысталды. Осы жерде Бақытжанның есімі мен ол туралы мәліметтер 2020 жылдың қорытындысымен Астана қаласында жарыққа шыққан «Қазақстанның алтын кітабына» енгізілгендігін атап өтуіміз керек.
Қазірде «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы,Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі болып қызмет атқарады.
Қуаныш ТАСЫБАЕВ.