«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН»: САУРАН АУДАНЫ – САЯБАҚТАР САЯСЫНДА

«Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы халықтың өмір сүруіне қолайлы орта құруға және елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы әзірленді.

Ұлттық жоба төрт негізгі бағытты қамтиды: Бірінші бағыт – «Таза Қазақстан» атмосфералық ауаның сапасын жақсарту, қалдықтарды басқару және еліміздің су айдындарының экожүйесін сақтау сияқты негізгі экологиялық мәселелерді шешуге ықпал етеді. «Үнемді Қазақстанның» екінші бағыты табиғи ресурстарды тұрақты тұтыну мақсатын қояды. Бұл ең алдымен су ресурстарына және экономиканың энергия сыйымдылығын төмендетуге қатысты. Табиғат бағытының мақсаты – биологиялық әртүрлілікті сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мәселелері. Төртінші бағыт – «Болашақ экологиясы» халықтың экологиялық білімі мен мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған.

Түркістан облысына қарасты аудан, қалаларда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өтіп жатқан «Таза өлке» апталығында абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей қадағалауында тұр.

«Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасының әрбір бағыты бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейінің құжаттарымен, сондай-ақ БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарымен өзара байланыс анықталады. Осылайша, тұрақты дамудың 17 мақсатының ішінде бұл жоба жеті мақсатты жүзеге асыруды көздейді. Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ынталандыру бағаты жоспарланды. Барлығы үшін су мен канализацияның қолжетімділігін және тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ету, баршаға қолжетімді, сенімді, тұрақты және заманауи энергияға қолжетімділікті қамтамасыз ету, қалалар мен елді мекендердің ашықтығын, қауіпсіздігін, тұрақтылығын және экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұтыну мен өндірістің тұрақты үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету, климаттың өзгеруімен және оның салдарымен күресу үшін шұғыл шаралар қабылдау, жердегі экожүйелерді қорғау, қалпына келтіру және орнықты пайдалануды ынталандыру, ормандарды тұрақты басқару, шөлейттенумен күресу, жердің тозуын және жоғалуын тоқтату және кері қайтару жоспарланып бекітілді. Жалпы Ұлттық жоба 11 тапсырмадан тұрады, олар бойынша 19 индикатор мен 48 іс-шара белгіленген. «Таза Қазақстан» бағытының міндеттері – атмосфералық ауаның ластануын азайту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, айналмалы экономиканы дамыту және тарихи ластануды жою, еліміздің су объектілерінің экожүйесін сақтау. Суды экожүйелердің қажеттіліктерін ескермей пайдалану қоршаған ортаның бұзылуына әкеледі. Сонымен қатар келеңсіз зардаптарды жоюға жұмсалатын қаржылық шығындар олардың алдын алу бойынша шараларды жүзеге асыру шығындарынан жоғары.

«Суды үнемді пайдалану арқылы өнімділікті арттыру» тапсырмасы аясында 401 арнаны қайта жаңғырту және 212 арнаны цифрландыру есебінен суару кезінде су ысыраптарын 4 км3 азайту жоспарлануда. Ұлттық жобада суармалы жерлерді 600 мың гектарға ұлғайту шаралары қарастырылған.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Сауран ауданының тұрғындары белсенділік танытып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына кірісті. Аудан бойынша көгалдандыру, ағаштардың түбін қопсыту, отырғызу орындарын дайындау, сырт келбетін көріктендіру бойынша жұмыстар жоспарға сәйкес атқарылуда. Наурыз айында Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтің ішкі көшелерінің бойы мен іскерлік аумақтарға 25 мың түп қарағаш пен үйеңкі отырғызылды. Сонымен қатар Шорнақ мешітінің 3,5 гектар аумағына 1000 түп жеміс ағашы егілді. Алдағы уақытта тағы 26 мың түп ағаш көшетін егу жоспарлануда.

«ТАЗА ӨЛКЕНІҢ» ТҰРҒЫНДАРЫ

Өңірімізде белсенді түрде өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» эко акциясы аясында тындырымды істер атқарылуда. «Таза өлке» апталығына сәйкес аудан тұрғындары өз аулалары мен көше бойларын абаттандырып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Жалпы, халықтық эко акцияға жас отбасылар мен қазыналы қарияларымыз және мүмкіндігі шектеулі азаматтар да өз үлестерін қосуда.

Атап өтетін болсақ, аудан орталығы Шорнақ ауылында орналасқан орталық аллея мен тұрғын үй іргелеріне ағаш көшеттерін отырғызуда. Кішіге үлгі болған көгалдандыру жұмысына қатысқан азаматтар қоршаған ортаның қалыптасуына өз үлестерін қосуда.

Егде тартқан қариялар тәрбиенің тал бесіктен берілетіндігін көрсетіп, қос немересімен ағаш көшеттерін отырғызды. Қоғамда өзінің орны бар екендігін дәлелдеген мүмкіндігі шектеулі азаматта саялы саябақтың бой көтеруіне ықпал жасады. Акция барысында жастарды отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу жолдары көрсетілді.

БҰЛАҚ КӨРСЕҢ КӨЗІН АШ

Сауран ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шорнақ ауылдық округінің тұрғындары жаппай сенбілік жұмыстарына қатысып, ағаш көшеттерін егуді жалғастыруда. Сонымен қатар, экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздарды тазалау жұмыстары қатар атқарылуда. Оған аудан тұрғындары, белсенді жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер қатысуда.

АКЦИЯҒА БАРЛЫҚ АУЫЛДАР ҚАТЫСУДА

Сауран ауданы «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында аудан көле-мінде сенбілік жасады. Ауданда таза-лық аптасы ұдайы жүргізіліп келеді. Тазалықты жанына серік еткен сауран-дықтар бүгін де сенбілік жұмыста-рына белсенді қатысып, ортақ мекен-нің көркеюіне өз үлестерін қосты.

Қызу тазалық жұмыстарына 12 ауыл округтегі барлық мекемеден 200-ге жуық қызметкер бір кісідей атсалысты. Әр ұжым өздеріне бөлінген аумақтарға, көшелерге тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ауылдың кіре беріс аймағынан, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасынан 31 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. Оған 4 техника жұмылдырылды.

Сенбілікте елді мекендерде жол бойлары мен айналасын тазартып, ағаштардың түбін әктеу, қураған ағаштарды бұтау, арық-атыздарды қатты тұрмыстық қалдықтардан тазарту шаралары қолға алынды. Ескірген қоршауларды қайта сырлау жұмыстары да жүргізілді. Акция аясында сенбілік жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.

Сауран ауданының орталығындағы саябаққа «Таза Қазақстан» республи-калық акциясының «Таза өлке» апта-лығы аясында көшет отырғызу жұ-мыстары жүргізілді. Аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдас-тырылған бастамаға аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен «Жасыл Сауран», «Сауран Су» мекемесінің қызметкерлері, ерікті жастар, тұрғын-дар өз белсенділіктерін көрсетті.

«КИЕЛІ МЕКЕН»: СЕНБІЛІККЕ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Бүгін Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өтіп, оған Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, аудан әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, тал отырғызды. Сонымен қатар, сенбілікке «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Сағынбек Асылбеков, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, ақсақалдар, әжелер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері, қоғамдық ұйымдар, облыстық басқармалар, аудан әкімдігі, ауылдық округтер мен барлық мекеме қызметкерлері мен тұрғындары қатысты.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шорнақ және Шаға ауылдық округінде өткен сенбілік шарасы 11 аймаққа бөлініп, оған 2000-ға жуық азамат өз үлестерін қосты. Сенбілікте аталған аумақтар бойынша көше бойлары қоқыстан тазартылды. Тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, сырланды. Сондай-ақ, бей-берекет өскен талдар қырқылып, әктелді. Жаяу жүргіншілер жолдары сырланып, ретсіз өскен шөптер шабылды. Арық-атыздар тазартылып, тал егу жұмыстары жүргізілді. Аудан көлеміндегі жалпы сенбілікте 280 тонна қоқыс шығарылып, оған 18 техника жұмылдырылды.

ҰСТАЗДАР МЕКТЕП АУЛАЛАРЫНА ТАЛ ОТЫРҒЫЗДЫ

Сауран ауданы, білім бөлімінің қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы шеңберінде Қос мезгіл елді мекеніндегі жаңадан ашылған мектеп ауласына көшет отырғызды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында ауданға қарасты барлық білім ошақтарында тал отырғызу шарасы өтті.

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес. Бұл тұрғыда білім бөліміне қарасты мектептер мен балабақшалар ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді қатысты.

Білім ошақтарының таза, әдемі, жасыл желекке оранып тұруы, оқушылардың білімге деген құлшынысын арттыратыны сөзсіз. Ауданның шырайын келтіріп, көшелердің көркін реттеу мен тазалық жұмыстарын жүргізу аса маңызды қадам. Бұл үрдүс білім ошақтарында алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІКТЕ 50 ТОННАҒА ЖУЫҚ ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Сауран ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Аудан көлемінде жаппай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, ағаш көшеттерін егу жалғасуда.

Сонымен қатар, экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда. Оған ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, мәдени орталық өкілдері, аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысуда.

Сенбілікте 12 көше бойлары тазаланып, 46 ретсіз өскен бұталар алынып, талдардың түптері әктелді. 1 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер ретке келтірілді. Көпірлердің, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың 1 шақырымдық арналары тазаланды. 4 көп қабатты үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіре берістерді (подъезд) жиналды.

Сонымен қатар, 25 үйлердің қасбеттері әктеліп, сырлау жұмыстары жүргізілсе, 1100-ге тарта көшеттер отырғызылды. 3 шақырымдық ирригация жүйелері қоқыс қалдықтарынан тазартылып, жол белгілері сырланды. Жалпы, сенбілік тазалық жұмыстарына 259 адам қатысып, 3 техника жұмылдырылды. Экологиялық акция алдағы уақытта да қарқын алып, өз жалғасын табатын болады.

АУЫЛ КӨРКЕЙСЕ — ЕЛ ӨРКЕНДЕЙДІ

Ел Президентінің бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл Аймақ» апталығы аясында ауданда тазалық пен көгалдандыру шаралары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы орайда Сауран ауданы ішкі саясат бөлімі және аудандық Жастар ресурсттық орталығы және жұмыспен қамту бөлімі бірлесе аудан орталығының белгіленген көше бойларында сенбілік пен тазалық жұмыстарын жүргізді.

Халықтың әлеуеті артқан сайын, аудан аумағы көркейіп келеді. Бүгінде ауылдық округтер ”Таза Қазақстан” эко акциясы аясында абаттандырылып, көгалдандыру бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылда. Бүгін аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Ескі Иқан ауылдық округіне арнайы барды. Онда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Ескі Иқан аумағында көшелер жөн­деліп, жарықтандырылып, инфрақұрылым жүйесі реттеліп келеді. Алдағы уақытта Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстары аяқталып, ел игілігіне пайдалануға беріледі. 20 мың халқы бар округтің орталық көшелерін көркейту бағытында межелі жұмыстар атқарылады.

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: МАЙДАНТАЛДА 500 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округінде көгалдандыру шаралары ұйымдастырылды. Атқарылған жұмыстар барысында 500 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Игі шараға ауыл тұрғындары белсенділік танытып, экоакцияға өз үлестерін қосты. Акция барысында ретсіз өскен шөптер шабылып, арық-атыздар тазаланды. Сонымен қатар, тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, жаяу жүргіншілер жолы да сырланды. Одан бөлек, талдар бұталып, ағаштар әктелді.

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: ШОРНАҚТА АКЦИЯ АЯСЫНДА 9 МЫҢҒА ЖУЫҚ ГҮЛ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылында 400 дана раушан және 8 500 дана бегоня, циния, ганцания және барқытгүл сынды гүл түрлері отырғызылды. Ауданда экоакцияның үшінші апталығында тазалық жұмыстарымен қатар әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетерлігі, өңірде акция басталғалы 117 көше бойы тазаланып, 24 саябақ пен аллеялар қалпына келтірілді. Екі мыңға тарта ретсіз өскен бұталар қырқылып, талдардың түптері әктелді. Одан бөлек, 42,7 шақырым аяқ жолдар тазаланып, саябақтар және скверлер реттелді. Көпірлердің, өзендердің, каналдар мен бұлақтардың 11,3 шақырымға жуық арналары мен 32,1 шақырым ирригация жүйелері тазаланды. Сонымен бірге, 4 700-ге тарта көшет отырғызылып, 597,5 тонна қоқыс шығарылды.

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАСАДЫ

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының үшінші апталығы – «Жасыл аймақ» шарасы Сауран ауданыда жалғасын табуда. Мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері «Жасыл аймақ» апталында сенбілік жұмыстарын жүргізді. Атап айтатын болсақ, Шорнақ ауылы, Жұмабай Шаяхметов көшесі қоқыстан тазартылды. Тұрғын үйлердің қасбеттері ретке келтіріліп, сырланды. Сондай-ақ, бей-берекет өскен талдар қырқылып, әктелді. Жаяу жүргіншілер жолдары сырланып, ретсіз өскен шөптер шабылды. Сенбілікке 50 қызметкер қатысты.

АУДАН ОРТАЛЫҒЫНА 1 МЫҢ ДАНА ГҮЛ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

«Таза Қазақстан» республикалық эко акциясының «Жасыл Аймақ» апталығы аясында Сауран ауданы іскер әйелдер қауымдастығы аудан орталығына 1000 дана гүл отырғызды.

Акцияға “Асыл қазына” әжелер тобы, Сауран ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөліміне қарасты мекеме қызметкерлері және ауданның кәсіпкер азаматшалары қатысты.

АТАДАН МАЛ ҚАЛҒАНША, ТАЛ ҚАЛСЫН

Қазақта «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» деген сөз бар. Расымен де саялы ағаш егіп, балаға мирас болатын бұл дәстүр өз өміршеңдігін жойған емес. Жыл сайын жаңадан ағаш отырғызу жұмыстары ерте көктем мезгілінде басталып, қара күзге дейін жалғасады. Бұл акцияға шыққан азаматтар тал отырғызу шарасына белсене қатысып, осы күні ауданымыз бір еңбек майданына айналғандай болды.

Ауданымыздың осылай көркейіп жатқанын көріп ауыл тұрғындары ыстық ықыластарын білдіріп жатыр. Аудан әкімі бас болып, ауданымыздың тазалығына мән беріп, оны халық болып жалғастырып жатқаны әрине сүйсінерлік жәйт. Әсіресе, қаланы, ауыл-аймақты көгалдандыруға көп көңіл бөліп, соған бар күшті салуымыз керек. Осы күні акция аясында 3 гектар жерге 2000 түп көшет отырғызылып, оған 50-ден астам адам қатысты.

«ӨНЕГЕЛІ ҰРПАҚ» АКЦИЯ АЯСЫНДА СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Сауран ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығы өз жалғасын табуда. Бүгін аудан орталығындағы Ардагерлер аллеясының аумағын абаттандыру, тал егу, сырлау, әктеу және тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға аудан әкімі Мақсат Таңғатаров пен Шорнақ ауылдық округінің әкімі Бердалы Баймұратов бастап, мамандары, ауданның білім бөліміне қарасты ұстаздар сенбілік жұмыстарын ұйымдастырды.

Сонымен қатар, аудан орталығындағы Сәкен Сейфуллин көшесінің тұрғыны, 77 жастағы жалғыз басты қария Айдар Бабажановтың шаңырағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Үй іші әктеліп, ауласында бей-берекет өскен шөптері шабылып, қарт кісіге қолғабыс етілді. Айдар атамызда қол-ұшын созып, көмектесіп жатқан азаматтарға өз атынан алғысын білдірді.

Аудан көлемінде жаппай сенбілік ұйымдастырылып, тазалық жұмыстарын жүргізу ісі кеңінен қолға алынды. Сенбілік аясында аудандағы барша ауылдар тазарып, экологиялық туризмнің дамуына үлес қосты. Осы күні барлық ауылдық округтер мен бөлімдер «Өнегелі ұрпақ» апталығында ардагерлерге, жалғызбасты қарттардың үйлеріне барып, ауласын тазалап, қоршауларын бояу жұмыстары жүргізілді.

«МӨЛДІР БҰЛАҚ»: САУРАНДЫҚТАР ҚАРАШЫҚ ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫН ТАЗАЛАДЫ

Сауран ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Мөлдір бұлақ» апталығы басталды. Апталық аясында аудандық жастар ресурстық орталығының мамандары мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері Қарашық өзенінің жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстары ерекше сайыс түрінде ұйымдастырылып, белсенділер 3 топқа бөлінді. Арнайы қапшықтарға қоқыс қалдықтарын жинау арқылы, ең көп салмақ жинаған құрама жеңіске жететіндігін мәлімдеді.

Тазалық жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ербол Ұласбекұлы мен облыстық мәслихат депутаттары Баймахан Тоймаханұлы мен Жанар Амангелдіқызы арнайы қатысып, ерікті жастармен бірге тазалық жұмыстарын атқарды.

Оранғай ауылдық округінен өтетін 22 шақырымға созылған Қарашық өзенінің бойын тазалау жұмыстарына 100-ге жуық адам қатысты. «Таза табиғат», «Таза Қазақстан» және «Киелі мекен – Сауран» командалары үздік нәтижелерге қол жеткізіп, арнайы алғыс хаттармен марапатталды, сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, науқан 5 аптаға созылады. 6 сәуірден басталған игі шара 11 мамырға дейін жалғасын табады. Одан кейін осы жұмыстарды дағдыға айналдыру көзделген. Әр аптаның өзіндік атауы мен нақты мақсаттары бар. 6-13 сәуір аралығында «Таза өлке» апталығы өтсе, 13-20 сәуір аралығында – «Киелі мекен», 20-27 сәуір аралығында – «Жасыл аймақ», 27 сәуірден 4 мамырға дейін «Өнегелі ұрпақ» апталығы, 4 мамырдан 11 мамырға дейін «Мөлдір бұлақ» апталығы өтпек. Жұмыстар қарқынды жалғасын табады.

Серікбай ӘМЕТОВ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *