САУРАН: САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚ, КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаровтың төрағалығымен апталық мәжілісі болып өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, кеңесшілері, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Онда «Сауран Су» МКК 2024 жылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстары туралы мекеме басшысы Мұхит Пірімбетов, ғимараттарда мемлекеттік рәміздердің қағидаға сәйкес орналасуына жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесі бойынша ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Қалеке, Жүйнек ауылдық округінің 2024 жылға атқарылатын жұмыстары туралы ауылдық округінің әкімі Төребай Әбдікәрімов баяндама жасады.

Ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Марат Қалекенің мәлімдеуінше Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. Бөлім тарапынан аудан көлеміндегі мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік рәміздерінің дұрыс орналасуы бойынша мониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде көптеген мемлекеттік орындарда аттары аталып, рәміздердің заң талаптарына сәйкес еместігін айтып, жедел түрде дұрыстауға ұсыныс берді.

Бұдан бөлек, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Самат Рысбеков аудан көлеміндегі санитарлық тазалық жұмыстары бойынша және әрбір мекемеге бөлінген көшелердегі атқарылған жұмыстары туралы хабарлап өтті.

Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша ауылдық округ әкімдеріне және барлық бөлімдер мен мекеме басшыларына санитарлық тазалық жұмыстарын дер кезінде жоюға нақты тапсырма беріп, орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.

Мақсат Таңғатаров,

Сауран ауданының әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *