«Қазіргі күрделі кезеңдегі біздің басты міндетіміз – жұмыссыздықтың күрт көбеюіне, жұмыс орындарының жаппай қысқаруына және тұрғындар табысының азаюына жол бермеу. Сонымен бірге іскерлік белсенділікті сақтау үшін бизнесті ынталандыру өте маңызды», – деді Мемлекет басшысы Үкімет отырысындағы жиын барысында сөйлеген сөзінде.
Иә, қазіргі таңда Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту шаралары жүйелі түрде қолға алынып, облыс басышының жіті бақылауында тұрған мәселе. Өткен жылдың қорытындысымен облыстың даму жоспарындағы индикаторлық көрсеткіштер орындалды. Оның ішінде 130 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Бұл туралы жуырда облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Бұдан бөлек жұмыссыздық және кедейлік деңгейін төмендету мәселелері талқыланып, нақты тапсырмалар берілді.
– Әр әкім ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласын меңгеріп, сол саласының нағыз маманы болу керек. Қаржыны талан-таражға салуға болмайды. Халықпен жұмыс істеп, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту – басты міндет. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керек. Нарықтық экономиканың негізгі талаптарының бірі халықтың әл-ауқатын арттырып, мемлекеттен тәуелсіз болу мүмкіндігін молайту. Кәсіп ашып, табыс табу – өркениеттегі елдерде қалыптасқан экономикалық тұжырым, – деген облыс басшысы тиісті сала басшыларына міндеттер жүктеді.
Мәжіліс барысында Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева өткен жылдың қорытындысымен атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Оның айтуынша 2022 жылмен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 5,2%-дан 5,0%-ға төмен-деді. Ал жастар санындағы жұмыссыздық 4,2%-дан 1,7%-ға, әйелдердің жұмыссыздық деңгейінде 5,9%-дан 5,2%-ға дейін азайды. Жалпы жұмысқа орналасқандардың зейнетақы жарнасы 99% аударылған. Субсидияланған жұмыс орындарын аяқтағандардың 65% және кәсіптік оқуды аяқтағандардың 95% тұрақты жұмысқа орналасса, «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқығандар арасында өз ісін ашқандары 45%-ды құрап отыр.
Биыл жалпы 140,2 мың жұмыспен қамту шараларын іске асыру көзделуде. Оның ішінде 21,3 мың адам оқыту бағыттарымен, 118,9 мың жұмыс орындарын «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында ашу көзделуде. Ал оның бағыттары тұрақты жұмыс орындарына, уақытша жұмыс орындарына жолдау, кәсіпкерлік бастамалары үшін грант және шағын несие беруден тұрады. Жұмыспен қамту шараларына бюджет көздерінен қаржы қаралды. Сонымен қатар биыл «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында және жеке инвестиция тартумен жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Оған қоса облыс бойынша жеке инвесторлар есебінен агроөнер-кәсіп пен кәсіпкерлік саласында 77 жоба қолға алынып, жаңа жұмыс орындары пайда болмақ.
Жалпы биылғы жылы 140,2 мың жұмыспен қамту шараларын іске асыру көзделген. Оның ішінде 21,3 мың адам оқыту бағыттарымен, 118,9 мың жұмыс орындарын «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында ашу жоспарланған. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде, аудан, қала әкімдерімен халықты жұмыспен қамту, кедейлік деңгейін төмендету, әлеуметтік қорғау жөніндегі түйінді нысаналы индикаторлардың орындалуы бойынша меморандум жобасы түзіліп, келісуге жолданған.
Еңбек мобильділігі орталығы тарапынан инвесторлар, жұмыс берушілермен меморандумдар түзу арқылы қажетті мамандарды кәсіби даярлау, бағдарлау курстарынан өткізіп, жұмыспен қамтуға бағытталған нақты шаралар қабылданады. 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап құрылған Түркістан облысы бойынша «Еңбек мобильділігі орталығы» және «Мансап орталықтарының» трансформациялануы күтілуде. «Мансап орталықтарының» жұмыспен қамту саласындағы қызметтері толығымен цифрландырылған бағытқа ауысады. Биыл 1 мамырдан бастап пилоттық жоба ретінде Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының «Мансап орталықтарын» трансформациялау жұмыстарын жүргізу күтілуде.
Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде, аудан, қала әкімдерімен халықты жұмыспен қамту, кедейлік деңгейін төмендету, әлеуметтік қорғау жөніндегі түйінді нысаналы индикаторлардың орындалуы бойынша Меморандум жобасы түзіліп, келісуге жолданды.
Қаламыздағы негізгі өзекті мәселенің бірі жұмыссыздық деңгейін төмендету. Сауран секторында жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында 360 жұмыс орнымен қамту мүмкіндігі бар. Оның ішінде
34 шағын, орта және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Жалпы құны 13,8 млрд теңге тұратын бір ірі және 33 шағын, орта жобалар жүзеге асырылады. Бұл жобаларға тоқталатын болсақ, 50 жұмыс орнын қамтитын Мәдениет үйінің құрылысы басталады. 36 жұмыс орнын қамтитын дүкен және Сауда орталықтары бар. 20 жұмыс орнын қамтитын медицина орталығы мен 13 жұмыс орнын қамтитын, азық түлік тауарларын сақтау қоймалары сияқты жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.
Қала көлемінде әлеуметтік маңызы бар 23 әлеуметтік азық-түлік дүкені жұмыс жасауда, оның 7-і Сауран секторында. Одан бөлек, жаңадан 7 әлеуметтік дүкеннің құрылысы жүргізіліп, қажеттілікке байланысты пайдалануға берілді. Қаламызда 2022 жылы жұмыссыз ретінде 6997 азамат тіркелсе, 2023 жылы 10398-ге артып отыр. Оның ішінде, Сауран секторында 1871 азамат жұмыссыз. Осыған қоса, 2022 жылы 273 қайтарымсыз мемлекеттік грант берілсе, 2023 жылы 150 мемлекеттік гранттар берілді.
Сонымен қатар, жастарға арналған 2,5% шағын несие 39 азаматқа берілді. Жұмыссыздық мәселесін шешуде әкімдік тарапынан барлық шаралар атқарылуда. Бұл мәселені толығымен шешу үшін, тұрғындардың да, белсенділігі маңызды. Оның ішінде ең өзекті мәселенің бірі қала халқының 70256 жастарды құраса, жұмыссыз жастарымыздың саны 6047 (9% құрайды). Ағымдағы жылы «Жасыл ел», «Серпін», «Кәсіптік оқу» «Қайтарымсыз мемлекеттік грант» бағдарламалары арқылы жұмыссыз жастардың санын төмендету көзделуде. 2023 жыл қорытындысымен қала бойынша 39080 отбасы, оның ішінде 3262 аз қамтамасыз етілген отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді. Сауран секторында жалпы 6725 отбасы болса, 762 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленді.
Бұдан бөлек жұмыссыздық және кедейлік деңгейін төмендету мәселелері талқыланып, аймақ басшысы нақты тапсырмалар жүктеді.