«Туған елге тағзым» экспедициясының берері мол

 

Түркістан қаласындағы NIS мектебінде маусым айының 18-22 жұлдызы  аралығында Түркістан өңірінің тарихи және мәдени  маңызы бар орындарын зерттеу мақсатында «Туған елге тағзым» өлкетанулық-зерттеу бағдарламасы өткізілді.

Өлкетанулық-зерттеу экспедициясының қатысушылары ретінде Семей, Қарағанды, Көкшетау, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінң оқушылары мен ұстаздары таңдалды.

Бір аптаға созылған саяхат барысында жас зерттеушілер Түркістан облысы мен қала аумағында орналасқан тарихи, мәдени, өндірістік орындарына саяхат жасап, сакралды бағыттағы тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеді. Атап айтатын  болсақ, саяхат маршруты  Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ға экскурсиямен басталып,  «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-мұражайы, Шығыс моншасы, Қылует» жер асты мешіті, «Отырар төбе» қалашығы, «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық мұражайы»,  «Арыстан баб» кесенесі, «Алтын Самұрық» медиа кешені 8D ұшатын театр, «Ұлы дала елі» тарихи музейі, «Бөрте Милка» ЖШС сүт зауыты, Қажымұқан атындағы облыстық спорт мұражайы, «Домалақ ана» кесенесі, «Ақмешіт» үңгірі секілді орындарда жалғасын  тауып, экспедиция Орта ғасырларға тән Үкаша ата кесенесі мен оның маңындағы құдығына арналған экскурсиямен өз мәресіне жетті.

Экспедиция соңы тарихы терең Түркістан өңірін зерттеуге Қарағанды, Семей, Көкшетау, Астана қалаларынан келген экспедиция қатысушыларын шығарып салумен аяқталды. Тарих пен мәдениетке бай осы аймақта өткен бұл апта қатысушылардың жүректерінде өшпес із қалдырды деген сенімдеміз.

Түркістан өлкесімен қоштасып, экспедиция қатысушылары өздерімен бірге фотосуреттер мен кәдесыйларды ғана емес, баға жетпес тәжірибені, жаңа білімді алып кетті. “Туған елге тағзым” экспедициясы қызықты саяхат қана емес, сонымен қатар өз Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мен ұлан байтақ елімізді тереңірек тануда маңызды қадам болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *