Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияның мәжілісі өтті


Бүгін киелі шаһарда сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясының күн тәртібіне байланысты, 12 шілде 2024 жылы
облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы М.Тұрысбеков жүргізді, облыс әкімінің орынбасары Н.Көшеров, тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Н.Әжіметов, Ж.Сүлейменов, И.Намазбаева, Д.Егамбердиева, Д.Абіш,Б.Серманизов, Н.Жамалбеков, Ж.Әбдібаев, Ғ.Райымбеков, Ж.Қанаев, Б.Айтқұлов, Е.Үсентаев, Е.Қосмамбетов, қатысты.

 


Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

         1. Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №7/85-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2. Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы;

3. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4.   «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

 

 

Айта кетейік, күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *