ТӘУЕКЕЛ ШЕШІМ , ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

Әне-міне дегенше шешім қабылдар уақытта таяп қалды. 6 қазан тарихымыздағы маңызды күндердің бірі болмақ. Батыл шешім қабылдап , болашаққа нық қадам басар сәт. Барлығымызға белгілі АЭС -тың тақырыбы басталғалы көзқарасты халық екі жарды пікір білдіруде.
Шындыққа тура қарасақ біз энергия дефицит кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. «Бізге АЭС керек па?»- деген сұрақтың өзі қате деп түсінемін. Бізге АЭС керек. Біздегі басты сұрақ: Атом электр станциясын қайда саламыз? Қалай саламыз? Кімдер салады?
Жалпы Қазақстанның энергетикалық картасы екіге бөлінеді. Оңтүстік пен солтүстік екі бөлек. АЭС салар кезде осы екі бөлікті байланыстыра алуды назарда ұстауымыз керек. Себебі, бүгінгі таңда еліміздің оңтүстік бөлігінде энергия жетіспеушілік байқалғанымен, солтүстік өңірлерде өндіріс орындары көп. Алдағы уақытта теріскей жақтарда да энергияның жетіспеушілігі артуы мүмкін. Сол үшін де АЭС салар кезде екі бөліктің байланысын орнату маңызды сұрақ болуы керек деп есептеймін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *