ТҮРКІСТАН: ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Түркістандық полицейлер студенттермен кездесті. Түркістан жастары арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мен олардың құқығы мен құқықытық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында және есірткі мен нашақорлықты болдырмау жұмыстары аясында тәртіп сақшылары Түркістан қаласының Халықаралық спорт және туризм университетінде кездесу ұйымдастырды.

Аталған іс-шараға оқу орнының 100-ге жуық екінші және үшінші курс студенттері қатысты. Кездесу барысында Түркістан облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері,  Түркістан Қаласының Полиция Басқармасы полицейлері  және санитарлық-эпидемиологиялық станция дәрігерлерімен бірлесіп студенттерге нашақорлықтың алдын алу тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жастарға есірткіні, оның ішінде синтетикалық есірткіні қолданудың зияны туралы түсіндірді.

Сондай-ақ есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны туралы еске салды. Полиция қызметкерлері қатысушыларға нашақорлықтың алдын алуға бағытталған түрлі бейнероликтерді көрсетті. Жастар іс-шараны ұйымдастырушыларға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды. Студенттер өзекті және танымдық кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді. Тәртіп сақшылары жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және жаман әдеттерден бас тартуға шақырды.

Құқықтық мемлекет теориясы – заңның басымдығы және әлеуметтік реттекшілік жүйесіндегі ролінің арттырылуында болып табылады. Құқықтық мәдениет және құқықтық сананың дәрежесінің төмендігі халықтың құқықтық сауаттылығы тұрғысында заңның күшінің дәрежесінің жоғарылығы қағидаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етілудің басты маңызды жағдайы болып табылады. Азаматтардың заңға байланысты кез келген құқықтық қарым-қатынасы олардың іс әрекетінің, қарым-қатынас жасауының қайнары болып табылады. Құқықтық мәдениеттің басты көрсеткіші бұл заңды түсініп құқықты біліп ұғыну деген сөз. Халқымыздың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің дамытып жоғарылату азаматтардың Заңды сайлау, құрметтеу, жоғары қою, қастерлеу сезімдерін тәрбиелеуге бағытталған мәселелер Заң саласы органдарының ғана емес, бүткіл мемлекеттік органдардың, барлық қызметкерлердің стратегиялық бағдарының бірі екендігі баршамызға аян.

Құқықтық мәдениет дегеніміз бұл – қоғамның, құқықтық өмірінің сапасы, халықтың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет пен қоғамның кепіл болуы. Сонымен қатар бұл- қоғамдағы әрбір жеке тұлғаның, қоғамдық-құқықтық қатынасқа түсуші азаматтың құқықты ұғынуы, заң мен құқықтардың қорғалуын терең түсінуі. Құқықтық мәдениет пен құқықтық сананы меңгеру қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпалдың әсер ететіндігін ұғынады. Тұлға мен қоғамның рухани құндылықтары адамның құқықтық сана сезімі арқылы айқындалады, олар бұл құндылықтарды өздерінің сезімдері, көзқарастарымен танымы арқылы танытады. Құқықтық мәдениет – нақтыланған дара мемлекеттік діни, этникалық қауымдастықтың қатысушылары белгілеген қабылдаған және олардың іс-әркеттерімен құзыреттерін реттеу үшін қолданылатын құндылықтар, құқықтық көзқарастар, наным сенімдері, сана сезімдері мен дәстүрлер қағидалары. Кез келген мемлекет аясында түрлі құқықтық мәдениеттердің болуы мүмкін, мәселен бұл жағдай көпұлтты, көпдінді қоғамдарда көрініс табады. Біздің елімізде Қазақстан Республикасында халқымыздың, ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық салт-дәстүрлік құқықтық мәдениетпен қатар басқа да ұлттардың дәстүрлік құқықтық мәдениеттері қалыптастырылған. Әлеуметтің жалпы халықтың құқықтық мәдениетін зерделеп анықтау үшінжеке тұлғаның, оның мотивтерін мақсатымен формаларын қабылдауын назарға алу керек. Бұл тұста мағыналы рөл құқықтық сауаттылыққа мән беріледі. Құқықтық ақпараттану мен сауаттылықты жетілдіруді қамтитын негізгі қайнарының бірі болып отыр.

Құқықтық сана мемлекет және құқық теориясының негізгі категориясы ретінде және күрделі, ең маңызды институты болғандықтан өзіне тән құрылымға ие. Заң әдебиетінде құқықтық сана дәстүрлі қағида бойынша екі құрылымға бөлінеді: құқықтық идеология және құқықтық психология.
Құқықтық идеология деп қоғамда жоғарғы деңгейде бейнеленген құқықтық көзқарастар, идеялар және теориялардың ғылыми негізде жүйеленген жиынтығын айтады. Құқықтық идеологияның өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар:Құқықтық идеология негізінде мемлекеттің жүргізген саясатының негізінде қалыптасып билікке ие болған ұлттың, таптардың, топтардың мүдделеріне тікелей байланысты болып қалыптасады. Мысалы, Кеңес мемлекетінің жеке меншікті тәркілеу саясаты, бір ғана идеологияны қалыптастыру, коммунистік партияның диктатурасын орнату, еркін пікір, плюрализмге жол бермеу, жаппай репрессия қолдану сияқты саясаты қоғамдағы құқықтық идеологиядан да өзінің шешімін тапты. Соның нәтижесінде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары оның жүргізген саясатының әсерінен «пролетарлық құқықтық сана» құқықтың қайнар көзіне айналды. Құқықтық идеология тікелей немесе жанама болса да қоғам¬дық және жеке адамның санасынан орын тебеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *