ТҮРКІСТАН: НЕСИЕ АЛУДА НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

Бүгінде Қазақстанда мойнында несиесі жоқ адам да жоқ шығар. Біраз адамдар несиенің қолжетімді екеніне қуанса, енді біреулер артық төлем мен жоғары пайыздардан әбден шаршап, бар тапқаны қарыз төлеуге кетіп жатқанына қынжылады. Fingramota.kz өзіңіздің нақты мүмкіндіктеріңізді қалай дұрыс бағалауға және қалай қалтаңызға салмақ салмайтындай етіп несие ресімдеуге болатынындығы жөнінде жазады. 

Мақсат пен мүмкіндік

Несие – сіздің өміріңізді жақсартуға, мысалы, қандай да бір қажетті техника, автокөлік немесе пәтер сатып алуға мүмкіндік береді. Алайда, несиені өтеу үшін төлейтін ақша сіздің өміріңізді қиындатып жібермеуі қажет.

Біз қарыз қаражатын не үшін алып жатқанымызды және оны қайда жұмсайтынымызды түсінуіміз керек. Сіздің нақты не сатып алатыныңызға қарай мақсаттарыңызды қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді деп бөлуге болады. Сондай-ақ, мақсаттар орынды, демек, қаржылық тұрғыдан сауатты және асығыс шешім қабылданған, яғни орынсыз болады. Ұмытпаңыз, мақсатсыз несие сізді құрдымға жібереді.

Мысалы, ақша қажет болып, сіз бір миллион теңге несие рәсімдедіңіз делік, ал, банк сізге екі миллион теңге бере алатынын хабарлайды! Әрине, сіз қосымша бір миллионды қайда жұмсауға болатынын табасыз. Алайда, егер сіз асығыс шешім қабылдап, осы ақшаны бірден алатын болсаңыз, бұл әрекетіңіз мүлдем тиімсіз болады.

Ал, егер сізге қосымша қаражат расымен де қажет болып қалса, қаржы ұйымына қайтадан жүгінуге болады. Әдетте, сізге белгілі бір соманы алдын ала мақұлдаған болса, оны кейінірек пайдалана аласыз. Оған дейін барлығын мұқият жоспарлап алуға уақытыңыз бар.

Әсіресе жастар арасында ең көп тараған үрдіс – соңғы үлгідегі смартфон сатып алу. Трендтен қалмау қаржылық жағдайға теріс әсер етеді. Бұл жерде мәселе тіпті кредит сатып алу фактісінде де емес, мәселе адамдардың басым көпшілігінің соңғы модельдегі смартфондар мүмкіндігінің тек 30%-ын ғана пайдалануында. Бұл кез келген техникаға – компьютерлер мен ноутбуктерге, камералар мен тұрмыстық техникаларға да қатысты. Егер сіз оны қолдансаңыз және ол сізге көмектесіп, өміріңізді жеңілдететін болса ғана мұндай заттарды кредитке алуға болады. Егер сіз мәртебе үшін, бренд қуып, айналаңызды мойындату үшін ғана алсаңыз, бұл, әрине, үлкен қателік болып шығады.

Тағы да ерекше ескертіп айтар мәселе – өз мүмкіндігіңізге қараңыз. Біріншіден, заң бойынша сіз барлық несие бойынша ай сайынғы табысыңыздың 50%-дан аспайтын бөлігін ғана беруге құқылысыз. Егер сіздің кредит жүктемеңіз өте жоғары және кірісіңіздің жартысына жақын болса, кредиторлар, қаржы ұйымдары сізге жаңа несие бермеуі керек.

Екіншіден, сіз қандай да бір қажеттілікті несиемен өтеген кезде, біраз уақытқа дейін басқа бір нәрселерден бас тартуға тура келетінін есте ұстаңыз. Бұл әл-ауқатыңызға әсер етпеуі үшін сіз жеке немесе отбасылық бюджетті есепке алуыңыз қажет. Онда ай сайынғы несие төлемі міндетті түрде ескерілуі керек. Бұл жерде қосымша келіп түспейтін кірісті несиені өтейтін ақша ретінде қарастырудың қажеті жоқ. Несиені ешбір жағдайда қарыз қаражатын тысқары жобаларға, бағалы қағаздарға, криптовалюталарға инвестициялауға болмайды. Ондай құралдар жоғары кіріс түсіреді деп уәде еткенмен, оған кепілдік бермейді. Қарыз қаражаты тәуекелге ұшырамауы керек. Яғни, «қазір несие алып, инвестицияға саламын, 2 есе пайда табамын» деген түсінік жұмыс істемейді. Егер несие бизнесті дамыту үшін алынса, ол сіздің бизнесіңіз болуы керек және алған ақшаның сізге одан да көп ақша әкелетінін және оның қалай болатынын нақты түсінуіңіз керек.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *