ШАРДАРАДА АУДАНДЫҚ МАҢЫЗДЫ ЖОЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Шардарада аудандық маңыздағы «КХ-18 Жаушықұм – Қалғансыр» автомобиль жолының құрылыс жұмыстары басталды.
Жолдың жалпы ұзындығы – 8,3 шақырым, ені – 5 метр. Бұл жоба өңір тұрғындарының жүріп-тұруын жеңілдетіп, көлік қозғалысының сапасын арттыруға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық бастама.
Қазіргі таңда «Строймонтаж» ЖШС мердігер ұйымы ретінде бекітіліп, жолды тегістеу жұмыстарын жүргізуде. Аталған жоба Шардара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпалын тигізіп, тұрғындар үшін жайлы және қауіпсіз жол инфрақұрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *