ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА АУЫЛ КӨШЕЛЕРІ ЖАҢАРУДА

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда, Дербісек ауылдық округінде ішкі көшелерді орта жөндеуден өткізу жұмыстары басталып, қазіргі таңда асфальт төселіп жатыр.
Аталған жобаның орындалу барысымен аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы танысып, құрылыс нысандарын аралап шықты. Аудан басшысы жол жөндеу сапасына ерекше мән беріп, мердігер ұйымдарға жұмысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды. Сонымен бірге, жол сапасына бақылауды күшейту мақсатында тиісті бөлім басшысына нақты міндеттер жүктелді.
Дербісек ауылдық округі бойынша 31 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстар екі мердігер мекеме тарапынан жүзеге асуда: 15 көшеде «Bairkum company»  ЖШС-і,  ал қалған 16 көшеде «Artd group» ЖШС-і мамандары құрылыс-жөндеу жұмыстарын атқарып жатыр. Қазіргі уақытта «Artd group» ЖШС асфальт жамылғысын төсеу жұмыстарын бастады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *