Бас прокуратура лотерея өткізетін азаматтарға үндеу тастады

      
Елімізде лотерея ұтысын тек лотерея операторлары ғана өткізе алады.

«Лотерея операторы – уәкілетті мемлекеттік органнан тиісті рұқсаты бар лотерея өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Лотереяны өткізу шарттарын Туризм және спорт министрлігімен келісуге міндетті. Ресми операторлар болып саналмайтын және уәкілетті органнан рұқсат алмаған жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың лотереялар өткізуіне қатаң тыйым салынады», — делінген ресми мәлімдемеде.

Қолданыстағы заңнаманы бұзғандар 500-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл арқалайды.

Лотерея қызметін алаяқтық мақсатта пайдалану ҚК-нің 190-бабы бойынша 10 жыл бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауаптылықты көздейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *