Қалалық қоғамдық штаб мүшелері партияның «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүгедектігі бар азаматтармен кездесу өткізіп, ҚР Президенттігіне кандидат Қасым Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Кездесуге кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдауға арналған қалалық қоғамдық штабтың төрағасы Арман Басаров, сенімді өкілдер Абдинаби Розибаев пен Дауренбек Мубаров, сонымен қатар, қаладағы «Қамқор — Сыбаға» мүгедектер қоғамдық ұйымының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында сөз алған штаб төрағасы Арман Амангелдіұлы: «Біздің Отанымыз, мемлекетіміз бір, халқымыз бір!. Бұл сөз қоғамдағы басты идеяны көрсетеді. Кандидатымыз Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғамды жаңарту бастамасы ой мен іс әрекеттің ескі формаларынан бас тарту және әділетті қоғамды құруға бағытталған. Осының бәрін жасау үшін бізге бірлік керек. Тек ауызбіршілік пен келісім негізінде әрекет ету арқылы ғана біз әділетті Қазақстан құра аламыз», – деді.
Одан бөлек, «Қамқор — Сыбаға» республикалық мүгедектер қоғамдық ұйымының төрағасы да Президент бағадарламасы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жасалатын қамқорлыққа ризашылығын білдірді. Штаб мүшелері Дауренбек Махмудұлы мен Абдинаби Абдрашитұлы ел үшін маңызды кезеңде әрбір азамат белсенділік танытулары керек деген пікірлерін жеткізді.