ТҮРКІСТАН: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫ ДАМЫТУ КЕРЕК

Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет.

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл  қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты.

Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып  жатыр. Құқықтық сана мемлекет және құқық теориясының негізгі категориясы ретінде және күрделі, ең маңызды институты болғандықтан өзіне тән құрылымға ие. Заң әдебиетінде құқықтық сана дәстүрлі қағида бойынша екі құрылымға бөлінеді: құқықтық идеология және құқықтық психология. Құқықтық идеология деп қоғамда жоғарғы деңгейде бейнеленген құқықтық көзқарастар, идеялар және теориялардың ғылыми негізде жүйеленген жиынтығын айтады. Құқықтық идеологияның өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар: Құқықтық идеология негізінде мемлекеттің жүргізген саясатының негізінде қалыптасып билікке ие болған ұлттың, таптардың, топтардың мүдделеріне тікелей байланысты болып қалыптасады. Мысалы, Кеңес мемлекетінің жеке меншікті тәркілеу саясаты, бір ғана идеологияны қалыптастыру, коммунистік партияның диктатурасын орнату, еркін пікір, плюрализмге жол бермеу, жаппай репрессия қолдану сияқты саясаты қоғамдағы құқықтық идеологиядан да өзінің шешімін тапты. Соның нәтижесінде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары оның жүргізген саясатының әсерінен «пролетарлық құқықтық сана» құқықтың қайнар көзіне айналды. Құқықтық идеология тікелей немесе жанама болса да қоғам¬дық және жеке адамның санасынан орын тебеді. Құқықтық идеология мемлекетке жүргізілген саясатқа байланысты халықтың санасына гуманистік-демократиялық, реакциялық немесе діни ұстаным, бағыттарды міндеттеуі мүмкін. Сондықтан саяси процестер мен кақтығыс, шиеленістер әрқашан құқықтық идеологияға тікелей әсерін тигізіп отырады.Кұқықтық психология дегеніміз әлеуметтік топтардың, страттардың, жеке адамдардық құқық пен құқықтық құбылыстарға деген сезімдерінің, хал-ахуалдарының негізінде стихиялық түрде пайда болатын жиынтығы. Соттардың, прокурорлардың, бақылаушылардың  және басқаларының құқықтық сана  мәтінінсіз құқық нормасын қолданған кезін елестеті қиын. Міндетті тұлғалар құқық туралы түсінікті түсіну, талқылау, білу керек және талаптары мен еріктерін білу керек. Құқықтық санасыз бұны білу мүмкін емес. Құқықтық сана арқасында іс-жүзінде дәлелдеу бақыланады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *