ТҮРКІСТАН: ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯ БАСШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысында 833 елді мекеннің 465-і (55,9%) табиғи газбен қамтамасыз етілді. 2023 жылдың соңына дейін 103 нысанның 68-ін пайдалануға беру жоспарлануда. Облыс әкім Дархан Сатыбалды «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовпен кездесті.
– 2 миллионнан астам тұрғыны бар Түркістан облысында қазіргі уақытта газға қатысты бірнеше қордаланған өзекті мәселе бар. Әсіресе құрылыс жұмыстары аяқталған нысандарды газға қосуға «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ТӨФ қаражат сұрауда. Нысандардың жобалау-сметалық құжаттамасында газ толтыруға қаржы қарастырылмайды. Өздеріңізбен бірлескен түрде шешуді көздеп отырмыз. Оң шешімінің табылғаны облыстың әлеуметтік экономикалық дамуына әсерін тигізеді, – деді Дархан Сатыбалды.
Кездесу барысында Түркістан облысында газбен қамтамасыз ету мәселелері бойынша Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы Руслан Мұздыбеков баяндама жасады.
Кездесу барысында «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов облыс әкімдігінің қаулысымен республикалық меншікке берілген 2008-2020 жылдары құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылған 267 нысанның бүгінгі жай-күйімен таныс екенін, осы нысандарды «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ теңгеріміне қабылдауға ықпал жасайтынын жеткізді.
– 298 нысанға қатысты қазіргі таңда бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. 7 нысан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ теңгерімінде. Ал 267 нысан облыс әкімдігінің қаулысымен республикалық меншікке берілді. 20 нысанға аудан, қала әкімдіктері техникалық құжаттарын толықтырып «ҚазТрансГаз Аймақ» ТӨФ АҚ келісім алу жұмыстары жүргізілуде. 4 нысанды теңгерімге 2023 жылдың соңында өткізу жоспарлануда, – деді басқарма төрағасы.
Бүгінгі таңға Түркістан қаласындағы АГТС 70% жүктемемен жұмыс істеп тұр. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ТӨФ тарапынан бұл жүктемеге 100% техникалық шарттар берілді. Қосымша газға қосылуға техникалық шарт беру мүмкіндігі болмай тұр. Түркістан АГТС-нің «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның теңгерімінде болуына байланысты қуаттылығын арттыру қарастырылып жатыр. Одан бөлек, Түркістан қаласын газбен қамтамасыз ету мақсатында Кентау қаласындағы «Қызыләскер» АГТС-нен (172 000 м3/сағат) жеткізуші газ құбырын, Түркістан қаласындағы диаметрі 500 жеткізуші газ құбырына қосу жұмыстары жүргізілуде.
Ал Ғ. Мұратбаев ГТС-не байланысты «Келес ауданының Бірлік ауылдық округінде ауданы 51,26 га жабық топырақты жеміс-көкөніс өнімін өндіретін жылыжай кешені» нысанын газдандыруға 2020 жылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ тарапынан техникалық шарт (15 120 м3/сағ.) берілген. Алайда, «Интергаз Орталық Азия» АҚ ГТС-ның қуаттылығы жоғарыда айтылған нысанға жетпеуі мүмкін екенін туралы мәселе көтеруде. Қазіргі таңда облыстық басқарма тарапынан берілген техникалық шартқа сәйкес, нысанды газдандыруға жобалау-сметалық құжаттама әзірленген. Осыған байланысты, нысанды берілген техникалық шартқа сәйкес газға қосылу үшін қуаттылығын 50 000 м3/сағат арттыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған