ТҮРКІСТАН:  АХМЕТ ЯСАУИ КӘСІБИ КОЛЛЕДЖІНДЕГІ КӘСІБИ БІЛІМ – 2

«Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжі» – кәсіби білім беру бағытында  қалыптасқан дәстүрі бар университеттің құрылымдық бөлімі.  Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауда орнықты бағыт ұстанған колледждің  көкжиегі кең. Біз колледждің директоры,   экономика ғылымдарының кандидаты Алтынбек КЕНЖАЛИЕВПЕН  білім ордасының тыныс-тіршілігі туралы  сұхбаттасқан едік.

Жуырда, 2024 жылдың 15-17 мамыр күндерінде Бүгін колледжімізде «Worldskills Turkistan» өңірлік чемпионаты өткен болатын.  «Ақпараттық кабельдік желілер», «Мобильді робототехника», «Мейрамхана ісі» құзыреттіліктері бойынша ашылу салтанаты өтті. Аталған құзыреттіліктердің бас сарапшылары сөз алып, қатысушыларды таныстырды. Іс-шарада директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Еркебалаев білікті кадрларды даярлау бойынша облыстық чемпионаттың маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға табыс тіледі. Сонымен қатар, 2022 жылы «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша республикалық чемпионаттың ІІ орын иегері Б.Мәуленқұл қатысушыларға сәттілік тіледі.

Білікті кадрларды даярлауға, жаңа идеялар мен трендтер құруға және кәсіби білім сапасы мен кәсіби шеберлік дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін облыстық байқауға өңірдің барлық колледждерінен 34 түрлі құзыреттілік бойынша білім алушылар бақ сынады. Естеріңізге сала кетейік, I орын алған өңірлік кезең жеңімпаздары Астанада өтетін “WorldSkills Kazakhstan” республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына жолдама алады.

«Farab» кітапханасында «Worldskills Turkistan – 2024» облыстық чемпионатының жабылу салтанаты болып өтті. Жалпы қорытынды есепте «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі облыстық чемпионаттан 5 құзыреттілік бойынша І орынды иеленді. Атап айтқанда:

– «Мобильді робототехника» құзыреттілігі – Ермахан Айдын, Дүйсен Ернұр;

– «Ақпараттық кабельдік желілер» құзыреттілігі – Егізбай Оразәлі;

– «Графикалық дизайн» құзыреттілігі – Раева Гаухар;

– «Мобильді қосымшаларды әзірлеу» құзыреттілігі – Сейдулла Нұр;

– «Мейрамхана ісі» құзыреттілігі – Қуандық Бейсенбек.

-Үш құзыреттілік бойынша 3 орын иеленді. Олар:

– «Веб технологияларды құру» құзыреттілігі – Заманов Бекзат;

– «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі – Ажибек Азамат және   «CAD инженерлік графика» құзыреттілігі бойыншап  – Кәтіп Нұржан жүлделі орын иеленді.

Төменде аталған 4 құзыреттілік бойынша медальон иеленді.Олар:

– «Сән технологиясы» құзыреттілігі – Исанова Дидар

– «Бизнеске арналған IT шешімдері» құзыреттілігі – Нұрғали Жанғали

– «Аспаз ісі» құзыреттілігі – Абишов Адхам

– «Наубайхана шеберлігі» құзыреттілігі – Мақсұтхан Көркем

Қорытындылай келе, биыл колледж қоржынына 5 алтын, 3 қола медаль және 4 медальон қосылды.Облыстық кәсіби шеберлік чемпионатында суырылып шыққан жеңімпаздарымызды, білікті студенттерді дайындаған сарапшыларымызға алғыстан басқа айтарым жоқ.

Қай мамандықтарыңыз ерекше сұранысқа ие?

– Бізде «Есептеу техникасы» саласы бойынша ІТ мамандықтарына сұраныс жоғары. Оның ішінде техник-бағдарламашы, веб-дизайн біліктіліктеріне. «Ветеринария», «Дене тәрбиесі және спорт», «Аспаз» мамандықтарына да сұраныс көп. Өйткені, еңбек нарығында бұл мамандықтарға қажеттілік бар. Мысалыға, аспаздықты оқуға келетіндер көпшілігі болашақта өз кәсібін ашуды көздеп келеді. Осы салада отбасылық бизнесі қалыптасқан кейбір азаматтар балаларын «бізге осыны оқу керек» деп әкеліп жатады. Сонымен қатар, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес кафе, мейрамхана және т.б. қоғамдық тамақтандыру мекемелерінде де дипломды кәсіби технолог не аспаз жұмыс істеуі керек деген талап бар. Сондай-ақ, облыс орталығына айналғаннан кейін қаламызға көптеген мемлекеттік мекемелер көшіп келді, түрлі салада қызмет ететін кәсіпкерлік субъектілері көбейді. Нәтижесінде  «Есеп және аудит» мамандығы бойынша «1С бухгалтерия» бағдарламасын меңгерген мамандарға соңғы кезде тұрақты сұраныс бар. Бізде «1С бухгалтерия» лицензиялық бағдарламасымен жабдықталған арнайы компьютерлік сыныбымыз бар және білікті ұстаздарымыз сапалы мамандар даярлауда. «Құқықтану» мамандығына келушілер де аз емес. Бұл мамандықтың жылдағы контингент деңгейі төмендеген емес.

-Ұстаздардың білімін жетілдірууі қай деңгейде?

— Колледж ұстаздары ұдайы білімдерін жетілдіріп, педагогтік шеберліктерін арттыруға мән береді. Мамыр айының 3-і күні Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен облыс педагогтеріне SCAFFOLD-ты инновациялық оқу мазмұнын әзірлеуге және негізгі құзыреттерді қолдауға мүмкіндік беретін оқыту дизайн құралы ретінде практикалық пайдалану дағдыларын жетілдіру мақсатында семинар өтілді.

Семинар барысында қатысушы педагогтерге бақылау құралдарын әзірлеу, сондай-ақ колледжде сабақты ұйымдастыру барысында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануда сұрақтарды, ойларын тұжырымдау және мағыналы идеялар алу қабілетін арттыру мақсатында «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде 6 педагогтің сабағын бақылау процесі жүрген болатын. Атап өтетін болсақ,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Мырзабек Тоғжан, Математика пәні оқытушысы Халила Жансая, Биология пәні оқытушысы Байырбекова Ұлбосын, Физика пәні оқытушысы Манжан Ақжайсан, Ағылшын тілі пәні оқытушысы Әсілханқызы Ақниет, Физика пәні оқытушысы Шарипова Зиёда.Сабаққа енген педагогтер сабақ соңында өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, ізгі тілектерін білдірді. Осы орайда, аталған педагогтердің кәсіби шеберліктеріне тағы бір көз жеткіздік. Тәжірибе алмасу – педагогтің кәсіби өсуінің басты кепілі екенін ескерсек бұл іс-шараның берері мол екенін аңғарамыз.

Колледждегі тәрбиелік шараларға тоқталсаңыз?

— Иә, «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деп Әл-Фараби бабамыздан қалған ғибратты сөз бар. Колледж тәрбие жұмыстарына ерекше ден қойып, мән береді.Колледжде 9 үйірме жұмыс жасайды. Студенттер сабақтан тыс уақыттарында өздерін қызықтырған үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын мазмұнды өткізе алады. Түрлі әдеби-тнымдық кештер, кездесулер өткізіліп, спортық шаралар жиі өткізіліп тұрады.

2024 жылдың 24 сәуір күні, колледж кітапханасында, «Гуманитарлық»пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің оқытушылары У.Шорабекова, Н.Музарапова, Т.Шәмшат, Г.Тілеубаева «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Отан тарихы әдебиетте» тақырыбында оқырман конференциясын өткізді.Іс шара барысыныда жазушыларының қазақ тарихи тақырыбында жазылған шығармалары талқыланды. Атап айтқанда, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» триологиясы, Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» әңгімесі, Ж.Аймаутовтың «Ақбілек» романы, Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектері жайында презентация көрсетіліп, шығармалары талқыланды. Сондай-ақ, тәрбие бағытында студент жастардың бойында еңбекпен қоршаған ортаға деген құрметті қалыптастыру үшін эколгиялық баыттағы шаралар да өткіземіз. Жуырда сондай тағлымды шара : Экоквест ойынын ұйымдастырдық.

Түркістан Қаласы Әкімдігінің қолдауымен «Тұңғыш президент» саябағында «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Менің жасыл қалам» атты экоквест танымдық ойыны ұйымдастырылды. Сенбілікке «»Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенттері белсене атсалысты.Іс-шараның мақсаты: Қала саябақтарында тазалық сенбілігін жасай отырып, демалу. Тазалау мен демалуды қатар өткізу. Позитивті сенбілік ұйымдастыра отырып, жастардың уақытын көңілді әрі танымдық бағытта өткізуіне ықпал ету. Сенбілікке қатысушылар Түркістан қаласындағы «Тұңғыш президент» саябағына жиналып, екі топқа бөлініп сенбілік жасады. Сенбілік барысында «Квест» ойыны ұйымдастырылады. Сенбілік соңында командалар «Алғыс хатпен» марапатталып, сыйлыққа ие болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *