ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ ҚАЛАДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТҚАН СПОРТ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бұл күндері Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың құрылысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауында тұр.

Таяуда облыс әкімі аппаратының басшысы Еркеғали Әлімқұлов салынып жатқан спорт нысандарын аралап, мердігерлермен кездесті. Жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтап, жауапты тұлғаларға кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша тапсырмалар жүктеді.

Алдымен, аппарат басшысы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Облыстық құрылыс басқармасының тапсырысымен салынып жатқан ғимараттың жұмыстарына «Строй Сервис–7» ЖШС жауапты. Құрылысты биыл қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Спорт кешенінің жалпы алаңы – 1,8 гектар. Сиымдылығы 1000 адамды құрайтын нысанның аумағы – 7 248,0 шаршы метр. Түркістан қаласындағы Б.Саттарханов көшесінде орналасқан кешен жертөлені қосқанда, 3 қабаттан тұрады. Заманауи үлгідегі ғимаратта спорт және жаттығу залдары, 8 киім ауыстыратын бөлме, жуынатын бөлмелер, конференц-зал, асхана, медициналық көмек көрсету кабинеті, күту залы, қонақтарды күту бөлмесі, жаттықтырушыларға және әкімшілік құрамға арналған бөлмелер бар.

Ә.Нұрмаханов атындағы спорт мектебі осы ғимаратқа жайғаспақ. Жалпы, спорт кешенінде 76 жаттықтырушы жұмыс істейді. Мұнда спорттың 18 түрімен 1000-ға жуық бала тыңғылықты түрде шұғылдана алады.

Еркеғали Әлімқұлов «Тurkеstan-Аrena» стадионындағы аяқталған жұмыстарды да тексерді. Қазіргі таңда «Star-Stroi» ЖШС стадиондағы футбол алаңына жер асты жылыту жүйесінің құбырларын тартып бітті. Стадионның шығыс беткейіндегі 2-қабатта жылу пункті құрастырылып, пайдалануға беріледі. Сонымен қатар «Almaty Aksu» ЖШС тарапынан футбол алаңын суару жүйесінің құбырларын орнату және құм төсеу жұмыстары аяқталды. Футбол алаңына көгал шөптердің тұқымдары егілді. Ол түрде кесте бойынша суарылады және арнайы мамандардың бақылауында. Қазақстан футбол федерациясының мамандары шілде айында стадионды инспекциалаудан өткізбек. Стадион алаңы толыққанды футбол ойнауға дайын.

Осы күні аппарат басшысы теннис орталығының жұмысымен де танысты. Орталық басшысына келушілерге толыққанды қолайлы жағдай жасау керек екенін ескертіп, бірқатар тапсырмалар міндеттеді. Мұнда 24 жаттықтырушы 270 спортшымен тұрақты түрде жаттығулар өткізеді, 12 жасқа дейінгі балалар тегін қатысады.

Бұдан бөлек, Түркістанда жеке инвестор есебінен салынған спорт кешені толық аяқталуға жақын. Құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын заманауи кешенде спортшылар үшін барлық жағдай жасалған. Екі қабатты ғимарат киім ауыстыратын және жуынатын бөлмелер, конференц-зал, асхана, медициналық көмек көрсету кабинеттері, күту залы, жаттықтырушыларға және әкімшілік құрамға арналған бөлмелермен жабдықталған. Сондай-ақ мұнда арнайы спортшылар үшін қонақүй де қарастырылған. Пара-спортшылардың спортпен шұғылдануына да жағдай жасалған. Қазірдің өзінде футбол алаңшаларында жолдастық кездесулер өткізіліп жатыр. Бұл нысанды қыркүйек айында толық пайдалануға беру көзделуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *