ТҮРКІСТАН: САУАТСЫЗДЫҚТАН САҚТАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

 

Біздің мемлекетімізде әрдайым құқықтық мәдениетті заң талаптарын бұлжытпай орындап, құқық нормаларын қатаң қолдану арқылы ғана қалыптастырып жүзеге асыру бағыты қолданылады. Осы жерде айта кететін жайт, заңды білмеу және құқықытық сауатсыздық  жауапкершіліктен босатпайтындығы қатаң ескертіледі.Бірақ, құқықтық сауатсыздық пен заң нормаларынан кез-келген азаматтың хабары жоқтығы мен құқықтық мәдениеттің болмауы дәлірек айтқанда оның негізін түсіне алмау екендігі көп ескеріле бермейді.Міне, осы жағдаяттардың негіз-салдары құқықтық мәдениетті қалыптастырып жетілдіру жұмыстарының реттелуіне шын мәнінде кедергі келтіретіні аян.Өйткені, бұл жерде адамдар бір-біріне адамгершілік, сыйластық қарым-қатынас қағидаларын ұстанып, түсіну, бір-біріне жанашырлық, қорғап-қолдау көрсетулері қажет еді.Осы жерде, көпшіліктің ішінен бір азамат шығып әлгі өрескел қылық көрсетіп тұрған тұлғаны жөнге саларлық ескерту жасағанда бұндай жағдайды келесі жолы қайталамас болар еді.

Өйткені, құқықтық мәденитті түсінбеу мен заңи сауатсыздық дәл осындай ұсақ құқық бұзушылықтан бастау алады.Қазіргі таңдағы демократияландыру үрдісі – белгілі бір мемлекеттік құзырлы органдар мен институттардың, ұйымдардың тарапынан жүргізілетін саяси немесе қоғамдық шаралар емес, әрбір азаматтың қоғамда өзінің құқығын білетін, азаматтық қоғам, демократиялы мемлекет қалыптастырудағы құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасының қалыптасуына тікелей байланысты.Осы орайда, мемлекетіміздегі әрбір азаматқа Конституциямен кепілдік берілген құқығына шектеу қоймай, оның құқықтары мен бостандықтарының сақталуына, қорғалуын және жеке тұлға ретінде қалыптасуына барынша мүмкіндік жасалған.Тәуелсіз, демократиялы мемлекетіміздің болашағының баянды болуы, азаматтарымыздың құқықтарының мен бостандықтарының қорғалуы мен қауіпсіздігінің қамтамасыз етіліуі – әрбір азаматтың бойында құқықтық мәдениет пен құқықтық сананың қалыптасуына тікелей байланысты болатындығына тұжырымдама жасаймыз.Құқықтық мәдениетті ұстанып, қоғамдық, кәсіби этика нормаларын сақтау барлық азаматтарға шартты болуы тиісті.Құқықтық сана мәдениеті қоғамда, қоршаған ортада құқықтық құбылыстардың табиғатын түсіну мен құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеуге қажет екенін саналы түрде түсіну, оны мойындау, заңды тәртіп мәдениетін сақтаумен қатар игерілген құқық нормаларына сай саналы қылықтар жасау болып табылады.Құқықтық мәдениеттің әлеуметтілік қажеттілігі оның жүзеге асыратын негізгі құзыреттерінен айқындалады. Атап айтқанда, құқықтық-әлеуметтендіру, әлеуметтік-құқықтық шындыққа ықпал жасайтын коммуникативтік, дипломатиялық бағыттары болады.Құқықтық мәдениет негізінен құқықтық санамен тығыз байланыстылықта бола тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құқықтық мәдениеттің құқықтық санаға қарағанда әлдеқайда ауқымы кең ұғым. Себебі, ол психологиялық және идеологиялық элементтермен қатар, заңды мәні бар жүріс-тұрысты, іс-әрекетті, заңды фактілерді де қамтиды. Құқықтық мәдениет құқытық шындықты сезімдік қабылдаудың және құқықтық ойлаудың белгілі бір деңгейін, дәрежесін, әлеуметтің заңдарды біліуінің тиісті дәрежесін, құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейін, құқықтық шығармашылық және құқықты жүзеге асыру үрдістерінің сапалық жағдайын, құқықтық қызметтің ерекше әдіс-тәсілдерін, құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани және материалдық игіліктері түріндегі нәтижелерін қамтиды. Тұлғаның құқықтық мәдениеті – бұл құқықты білуі мен оны түсінуі, соған сәйкес әрекет етуі, қозғалуы болып табылады. Құқықтық мәдениеттің құрылымы психологиялық, идеологиялық, жүріс-тұрыс элементтерінен қалыптасады.Құқықтық мәдениет – жеке тұлғаның жоғары саяси және азаматтық қасиеттерін қалыптастырады, әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттырады, құқықтық сана мен мінез-құлық қағидаларын және мәдениет нормаларын, демократиялық қоғам құру белсенділігін күшейтеді, қазақстандық ұлтжандылықты, патриоттықты терең ұғынып, оны орнықты ету үшін идеялар мен басым қағидаларды қолдауға және жүзеге асыруға, құқықтық сана-сезімді қалыптасыру мақсатында нақты қарым-қатынастар жасауға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *