ТҮРКІСТАН: ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ҮЛКЕН ЖАУАПТЫЛЫҚ

 

Саясаттанушылардың пікірлеріне қарасақ елімізде азаматтық қоғам құруда біршама элементтердің топтасуы қажет екен, ендеше ол топтың ішінде құқықтық білім беру өзіндік орнын табады, құқықтық білім беру азаматтық қоғам құрудың негізі екенін бүгінгі таңда бәріміз мойындадық. Қазірде Түркістан қаласындағы тәртіп сақшылары тұрғындарға құқықтық оқыту және құқықтық тәрбие өзара табиғи байланысқандығы жөнінде айтып келеді. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру үзіліссіз процесс болуы қажет. Осы бағытта Түркістан қаласының сақшылары үздіксіз жұмыстар атқарып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру мен құқықтық сауаттылқыты арттыру бойынша Түркістан қаласындағы тұрғындарға бірер мағлұматтар берсек дедік. Сонда ғана ол өз кезеңінде тұлғалардың заңдарға бағыну санасы қалыптады. Құқықтық білімді күнделікті кеңейту және тереңдету әрекеттері өзіндік  мазмұнына сәйкес бағытталуы керек. Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың негізі – құқықтық білім беру мен құқықтық насихат жасау арқылы зияткерлік әлеуетті арттыру болып табылады. Өйткені қоғам құқық пен заңды білмейінше, құқықтық мәдениет қалыптаспайды. Құқықтық білімі бар және оны өмір жағдайларында қолдана алатын құқықтық мәдениеті жоғары азамат заңдылықтың бұзылуына жол бермейді. Сондықтан да азаматтарымыз Ата заңымызда көрсетілген өзінің құқықтары мен міндеттерін жете білуі қажет.

Жастар – еліміздің саралы жолын дамытудың болашағы. Қазіргі таңда жастар қоғамды дамытудың барлық саласында  белсенділік танытуда. Соған қарамастан жастар арасында қылмыстың өсе түсуі, жағымсыз мінез-құлықтар мен әдеттердің көрініс алуы кездесіп отыр. Сандық мәліметтерге сүйенсек, көп жағдайда қылмыскерлер мен бұзақылардың жастық ерекшеліктеріне аса мән берілмейді. Бұл топтағы жастар отбасын құрып, мемлекетіміздің белсенді жасаушысы болмақ түгілі, өздерінің және өзгелердің өмірлеріне жауапсыз қарайтындығы анық. Батыс мәдениетіне еліктеушілік жастардың бойында жағымсыз қылықтардың дамуына алып келіп отыр.

Жастар арасындағы жыныстық қатынас, кісі өлтіру, бейбастық, қарақшылық, еркін махаббат, жоспарланбаған жүктілік, тастанды бала және тағы да басқалар қатты алаңдатушылықты тудырады. Мұндай бейбастық іс-әрекеттер ұлттық тәлім- тәрбиеге, этностық қарым- қатынасқа түбірімен қарсы бағытталғанын естен әрдайым шығармау қажет. Қоғамымызда болып жатқан осындай келеңсіз, кесірлі құбылыстарға қазақ жастары болашағының едәуір бөлігі елігіп, еліктеуі қанат жайып бара жатқаны бізді алаңдатары сөзсіз. Аталмыш жағдайлар азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, арттыру мәселесін алға қояды.

Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, дамытудың мақсаты дұрыс анықталып, құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік қызметтің жүйеленген органдары және олардың қоғамдық бірлестіктер қызметінің, сондай – ақ еңбек ұжымдарының қызметтері  бірқалыпты  ат салысуы қажет. Көпшілік арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі мынандай болды: Біріншіден: қоғамдық қатынастарға түсуде көптеген мәмілелер жасалады алайда, көпшілік қауым сол мәмілелерді растайтын заттардың құқықтық маңызы бар екенін тіптен елей қоймайды. Екіншіден: өз құқықтарының бұзылу жағдайында азаматтардың басым көпшілігі қайда барып жүгінуді білмейді. Үшіншіден: өз беттерімен заңдылық құжаттарды рәсімдей алмайды. Төртіншіден: заңдардың бар екенін біле тұра оны іске асырудың жолын білмейді.

Бұл ағаттықтарды жою үшін мемлекет тарапынан елімізде құқықтық білімді, тәр­биені жетілдіруге арналған жаңаша бағдарлама қажет сияқты. Қазақстан азаматтық қоғамды қалыптастыруды жалғастыруда. Бұл айтуға жеңіл болғанымен, жылдарды, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыста жүргізілетін күрделі процесс. Бұл процесте негізгі рөл мемлекетіміз арқа сүйенетін құқыққа берілуі керек. Нәтижесінде заңды сыйлауға, мемлекетіміздің дамуына кедергісін тигізетін құқықтық нигилизмді жеңуге жетуіміз қажет, оған көпшіліктің таң қалуын тоқтатып, заңға деген сый, құрметтеуге тәрбиелеу және жауапкершілік сезімдерін ояту қажеттілігі, яғни бұл жерде жемқорлық, заңды басынушылықтар, заңға немқұрайлы қараудың құқықтық жүйеге кереғар екендігін түсіндіру және қоғамдық моральді бейтараптық жаулап алуына жол бермеу керек.

Қазақстан жастарының құқықтық санасын кеңейтудің негізі – барлық қоғамдық топтардың, халықтың белсенді қызмет етуге және адам құқығының шеңберін кеңейтуге жол ашу. Құқыққа немқұрайлы қарау қандай да бір шектен шығушылық, заңға жауыздықпен қарау, демократиялық формадағы «Не істегім келсе, соны істеймін» деген қарама – қайшылық кереғарлықтарды жою керек.

Сондықтан қолданылатын заңның қызметті сапалығын, заңның және құқықтық тәртіптің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет. Қоғам мен құқықтық тәжірибе құқықтық білім берудің  жағымды және теріс тұстарын анықтайды. Тұлғалар сыртқы әсерлерді алғашқы қалыптасқан ішкі сенім мен нанымдарды бұза-жара өтіп белсенді және таңдаулы қабылдайды. Құқықтық білім беру аталмыш үрдісті мақсатты бағытталған, жағымды ағымға түсіре алады, заңдарды сыйлауға үйретеді, құқық бұзушылықтардың алдын алады, еліне деген құштарлықты оятады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *